Жұртына жақын әкім жаяу жүреді

21dfd93f a4fe 48cb b429 df7cadefcbb4 Қоғам

Елімізде осыған дейін әр жерлердегі округ әкімдерінің және Парламент, мәслихат депутаттарының сайлаулары өтті. Бір қызығы ауыл халқы оларды үміткер ретінде тіркеліп, насихат жұмысын жүргізу кезінде жиындардан, ақпарат көздеріне бір көреді де, содан кейін таппай қалады. Өйткені олардың көпшілігі қарапайым халық арасында көп бола бермейді. Себебі қымбат көлікпен келеді де, кері кетеді. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген нақылды көп азаматтар қолына билік тигесін ұмытып кететіні жасырын емес.

Өткен сәрсенбі күні еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселені көтеріп, жергілікті жердегі әкімдер мен мәслихат депутаттарын халыққа қарай мойын бұруға шақырды. Ол үшін қызметтік көлікті тастауға ұсыныс берді.

-Әкімдер, мәслихат өкілдері өздерінің қалаларында, елді мекендерінде жаяу жүруі тиіс. Әйтпесе, оларға біздің қалаларымыз нашар көрінеді. Мәселен, балалар алаңдары лайықты деңгейде жабдықталмағанын мойындауымыз керек. Шетелде, әсіресе Шығыс Еуропа, Балқан қалаларының бюджеті аз болғанымен тартымды көрінетін шаһарлары бар. Бұл муниципалды биліктің жұмысы шығар. Дегенмен, екінші жағынан бұл сол жерде тұратын адамдардың қарым-қатынасына да байланысты. Өкінішке орай, ол бізде жоқ. Қалалықтар өздерінің үйлеріне, көшелеріне және басқаларына қалай болса солай қарайды. Мұндай жайт елордада да орын алып отыр, – деді Қ.Тоқаев.

Абай Керей, мұғалім,

Қызылқоға ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз