Жарнама
Қоғам

Жұмадағы «тегін такси»

 «Жүрекке жол» еріктілер тобы «Тегін такси» акциясын ұйымдастырды.

  Бұл жолғы акцияны мешіттің бас имамы Мұрат Сұлтанов өзі көлігімен бастап шығып, көпке үлгі боларлық іс жасады. Ораза айына орай тегін такси қызметін ұсынушылар аудандық орталық аурухана, халыққа қызмет көрсету орталығы, «Қазпошта» мекемесі сынды халық көп жиналатын жерлерге барып, ауыл тұрғындарына тегін қызмет көрсетті.

  Бұл акцияға өз көлігімен белсене қатысқан Кеңес Рахметов, Санжар Тілегенов, Берік Амантаев, Асылан Кадуов, Батыржан Оңдасын, Бекжан Сапиев сынды азаматтар ауыл халқының алғысына бөленді.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН. Қызылқоға ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button