Жарнама
Қоғам

«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ

Соған байланысты ұжыммен жүздескен «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының кеңесшісі Мақсот Ислат пен қалалық ІІБ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Жасұлан Бозахаев және аға инспектор Қадыр Әбуев шараның жай-жапсары және жол апатының алдын алу мақсатында жолда жүру ережелерін сақтау жөнінде әңгімеледі. Келтірілген мәліметтерге сәйкес, жолдағы келеңсіз оқиға және одан болған қайғылы жағдайлар саны биыл азайғаны байқалады. Десек те, арқаны кеңге салып, жайбарақаттылыққа салыну керек дегенді аңғартпайды. Қоғамдық көліктер тарапынан болған жол-көлік оқиғалары жыл басынан бері тіркелмесе де, азаматтардың қауіпсіздігі оларға тікелей байланысты.

«АйсТрансХолдинг» автопаркіне №№1, 2, 3, 10, 12, 14, 15, 20, 30, 30 «а» бағытындағы автобустар қарайды екен. Ондағы қызметкерлер кездесуде аялдамаларда жеке таксилердің көптеп тұрып алатынына, сөйтіп, апаттық жағдайға жол беретініне шағымданды. Сонымен бірге, таксилердің автопарктен шығатын қоғамдық көліктердің алдына иіріліп тұрып алатыны автобустардың жұмысқа шығуына да кедергі. Жол сақшылары бұл мәселені қаперге алатынын жеткізді.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы жемқорлықпен күрес жүргізу мақсатында орталық көшелерде жүргізушілерге жол қауіпсіздігі ережелерін насихаттаумен қатар, сауалнама парақтарын таратты. Онда «Сіз құқық бұзушылық жасаған кезде әкімшілік полиция тарапынан бопсалаушылыққа тап болдыңыз ба?», «Сіздің ойыңызша, әкімшілік полиция қызметін жақсарту үшін бірінші кезекте қандай шаралар қабылдау керек?» дегендей сұрақтар қойылған. 

— Сауалнама нәтижелері кейін жинастырылады. Біз соған сәйкес сараптап, нәтижесін шығарамыз. Бұл шара партияның сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген он екі бағыттың бірі  бойынша жасалып жатыр, — деп түсіндірді «Нұр Отан» партиясы Атырау қаласы филиалы төрағасының кеңесшісі Мақсот Ислат.

Құралай ОРАЗ,

Фотоға түсірген

Самат ҚАЙЫРЖАНОВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button