Жарнама
Қоғам

ЖОЛАҚЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ

 

Тек өткен жылдың өзінде кәсіпорын қызметін 20 миллионнан астам адам пайдаланған. Ал, биылғы бір айда 1 млн. 165 мың жолаушыға қызмет көрсетіліп, бұл көрсеткіш 2013 жылдың сәйкесті кезеңіндегімен салыстырғанда 600-ге өсіп отыр. Және бір білгеніміз, қолданыстағы билеттердің құны немесе тасымалдау тарифтері көршілес Ресей Федерациясындағыдан 3-3,5, сол сияқты Украинадағыдан 1,5-2 көлемінде төмен.

— Әрине, валюта бағамындағы өзгерістердің басқа салалардағы тәрізді жолаушы тасымалымен айналысатын авиакәсіпорындардың қызметіне, атап айтқанда қаржылық ахуалына ықпалын тигізері кәміл, — деді брифингте екінші болып, сөз кезегін еншілеген «Эйр Астана» компаниясы басшысының орынбасары Ербол Оспанов. — Өйткені, біздегі жол билеттерінің сатылуы 70 %-ға дейін теңгемен жүргізіледі. Ал, шығындарымыздың 65 %-ы доллармен есептелінеді. Соның өзінде де, жүктелген әлеуметтік жауапкершілігімізді терең түсінгендіктен ешқандай қосымша шара алуды ойластырған жоқпыз. Ел ішіндегі авиарейстердің бағасы өзгеріссіз қалдырылады. Жасыратыны жоқ, халықаралық қатынастардағы қызмет көрсету құны әнебір қымбатсып кетпегенімен, автоматты түрде (7-10 % шамасында) өсірілді.

Мәселенің мән-жайын осылайша тәптіштеп жеткізген авиакомпания өкілі соған қарамастан, Астана-Мәскеу, Алматы-Мәскеу, Астана-Стамбул және Алматы-Стамбул бағыттарына қатысты мұндай үстемелердің қолданылмағандығын мәлімдеді. Және бір айтылғаны, осыдан он жылдан астам уақыт бұрын (2002 жылы) құрылған «Эйр Астана» содан бергі мезгілде өз тарифтерін бірде-бір рет өзгертпеген.

Дәулетқали АРУЕВ.       

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button