Жарнама
ҚоғамСарапTime

Жігер бар жүрегімізде!

ЖАСТАР – ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ ҒАНА ЕМЕС, ЕЛДІҢ ТІРЕГІ, ХАЛЫҚТЫҢ ЕҢ БЕЛСЕНДІ БӨЛІГІ. ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫМЕН ӨСІП КЕЛЕ ЖАТҚАН БҮГІНГІ ЖАС БУЫН – ЕРТЕҢГІ ҮМІТ ПЕН СЕНІМНІҢ БАСТЫ НЫШАНЫ. ОСЫДАН 30 ЖЫЛ БҰРЫН ТӘУЕЛСІЗДІГІН АЛҒАН ЖАС МЕМЛЕКЕТ ЕГЕМЕНДІК ТҰҒЫРЫНА ҚОНҒАН ТҰСТАН БАСТАП, ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІНЕ БАЛАДЫ. МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ, ОЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН МЕКТЕПТЕР МЕН ОҚУ ОРЫНДАРЫН АШУ, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ТҮРЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ, РУХАНИ-МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН БАЙЫТУДЫ БАСТЫ ТАЛАПТЫҢ БІРІНЕ АЙНАЛДЫРЫП, МАҚСАТҚА ЖЕТУ ЖОЛЫНДА АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ.

Қолдау қашан да бар!

Осы іс-шаралардың тиісті деңгейде жүзеге асуына Жастар саясаты туралы арнайы заң қабылданғаны серпін бергені сөзсіз. Осының нәтижесінде жастарды өз ұйымдарының, консультативтік кеңесші, өзін-өзі басқару орындардың қызметіне, білім беру жүйесі мен еңбек ұжымдарына тарту заң жүзінде бекітілді. Тұңғыш Президент – Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында жастардың барлық санатын қолдауға арналған бағдарламалар әзірлеп, ел болашағы саналатын буынды демеу арқылы қоғамдық белсенділікті арттыруды нықтап тапсырған болатын. Соның нәтижесінде тәуелсіздік жылда[1]рында жастардың мәселелері жүйелі түрде шешіліп келді. Осы іс-әрекеттердің заңды жалғасы ретінде атаулы жыл бекітіліп, «Жастар жылы», «Волонтерлар жылы» аталып өтті. Президенттің кадрлық резерві жасақталып, жергілікті мемлекеттік органдарды бағалау көрсеткішіне «Жастардың даму индексі» қосылады. Осы шаралардың өзінен-ақ, елімізде жастарды қолдауға ерекше назар аударылып келе жатқан үрдістің үзілмей, толыға түскенін бағамдауға болады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл жыл басында жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Жас келсе – іске» дейді халқымыз. Жастар – қашан да тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Сондықтан өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалануымыз керек. Осы орайда Президент жанындағы Жастар кеңесінің қызметін жандандырған жөн. Оны білікті әрі білімді жастарды жұмылдыратын жүйелі жұмыс алаңына айналдырамыз. Бұдан бөлек, мен азаттық жылдарында дүниеге келген, әлі танылып үлгермеген талантты жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындауды ұсынамын» деген еді.

Тәуелсіздік – тәңір сыйы

Жастар саясаты бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы межелі міндеттер күні кеше Елорда төрінде ауқымды шара барысында кеңінен талқыға түсті. «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты республикалық жастар форумына түрлі сала бойынша топ жарып, жетістіктерге жеткен жалынды, жігерлі, өнерлі жастар жиылып, өз замандастарына жетістіктері мен мақсаттары туралы айтып, талай жанның көңілінен шығар сөз саптады. Форумның ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бейне Үндеу жолдап, торқалы той қарсаңында білімді, білікті, белсенді жастардың басын қосқан форум қатысушыларын егеменді елдің 30 жылдық мерейтойымен құттықтай келе тәуелсіздік тәңірдің бүгінгі ұрпаққа берген баға жетпес үлкен сыйы екенін атады. – 30 жыл – халқымыз үшін тарихи белес. Біз осы уақыт ішінде ата-бабамыздың асыл арманын орындап қана қоймай, оны баянды ете білдік. Қазақстанды әлем таныған, жаһан мойындаған іргелі мемлекетке айналдырдық. Бұл – барша халқымыздың ортақ жеңісі. Мен Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялаған тұста елімнің келешегі жарқын, халқы бақуатты, жастары бақытты болсын деп армандадым. Өскелең ұрпақтың сапалы білім алып, лайықты өмір сүруі жолында аянбай еңбек еттім. Бүгінде сол арманым орындалып отыр. Тәуелсіздік жылдары біз дамыған елдермен терезесі тең, бәсекеге қабілетті жаңа буын тәрбиеледік, — деді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жастарына. Өз сөзінде Алаш көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсыновтың өсиетін еске алған Елбасы: «Тәуелсіздікпен қатар дүниеге келген ұрпақ қазір «орда бұзар» 30-ға толып отыр. Буыны бекіп, қанаты қатайып, талай игілікті іске ұйытқы болар жасқа жетті. Туымызды биік ұстайтын, ұлтымызды ұлы мұраттарға бастайтын, сол тәуелсіздік ұрпақтары сендерсіңдер. Қай заманда да тарихты өздерің сияқты жалынды жастар, білімді азаматтар жасаған. Әр кезеңнің өз қиындығы мен сынағы болады. Қазіргі күрделі ахуалды көріп отырсыңдар. Дүние мың құбылып тұр» дей келе, аумалы-төкпелі заманда білім мен ғылымға арқа сүйеу керектігін айтты. «Біз – текті халықтың ұрпағымыз. Қанымызда қайсарлық, бойымызда батырлық, жүрегімізде жігер бар. Осы орайда Алаш қайраткерлерінің мына бір өсиеті ойыма оралып отыр. «Біз бай, білімді әрі күшті болуымыз керек. Бай болу үшін – кәсіп, білімді болу үшін оқу керек. Ал, күшті болу үшін – елдің бірлігі керек. Береке-бірлік барда алынбайтын асу, бағынбайтын белес жоқ, — деген елдің Тұңғыш президенті сөз соңында Қазақстанды озық 30 елдің қатарына қосу – баршаға ортақ міндет екенін атап, жастарды ұлт мүддесі жолында аянбай қызмет етуге шақырды.

Стратегиялық шаралардың жемісі

Республикалық форумға қатысқан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Президенттік жастар кадрлық резерві мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты туралы айтып өтті. – Дарынды жастарды қолдайтын стратегиялық шаралардың бірі – жастардың кадрлық резерві. Бұл жоба жоғары білікті жас мамандардың мемлекеттік басқару жүйесіне түсуіне мүмкіндік берді. Қазір президенттік кадрлық резервке қабылдаудың екінші кезеңі жүріп жатыр. Оның аясында қосымша 150 жас маманды іріктеу жоспарлануда,-деді министр. Сонымен қатар, елімізде ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес және БАҚ салаларындағы жастардың 30 жобасы мен бастамасын қолдау мақсатында жыл сайын берілетін «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бекітілген. Оның көлемі 3 миллион теңгені құрайды. Биыл сарапшылар талқылауының нәтижесінде конкурстық комиссия 30 үздік жобаны таңдағанына тоқталған Аида Ғалымқызы форумның жастар саясаты саласындағы қорытындыларды шығарып қоймай, түйткілді мәселелерді де талқылап, оларды шешу жолдарын айқындайтын алаң екенін атады. «Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік алған күннен бастап жастарға, олардың мәселелеріне және сапалы дамуына үлкен көңіл бөлді. Бүгін сіздерге барлық жол ашық, ал сіздердің міндеттеріңіз – елді бұдан да күшті және бәсекеге қабілетті ету» деді Аида Балаева.

«Болашақ» түлегі 15 мыңнан асады

Аталған салаға қатысты енгізілген жаңашылдықтың бірі – келесі жылдан бастап жастар саясатының орындалысын жаңа индекс бойынша бағалау. «Біз биыл мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастарды дамытудың қазақстандық индексті әдістемесін әзірледік. Келесі жылдан бастап индекс шеңберінде 17 өңірдегі жастар саясатының орындалуы бағаланады. Бұл барлық деңгейдегі жобалардың тиімділігімен қатар, нақты проблемалық салаларды айқындап, тиісті шешім қабылдауға мүмкіндік береді» деді Аида Балаева. Мемлекет деңгейінде жастар мәселесін тиімді шешу мақсатында жүзеге асырылып, жалғасын тауып келе жатқан жобалар жеткілікті. Мәселен, 2014 жылы қабылданған «Серпін» бағдарламасы бойынша бүгінге дейін 8 мыңға жуық жас оқуын аяқтап, оның ішінде 5 мыңнан аста[1]мы жұмысқа қабылданған. Ал, ізгілік пен қайырымдылық сынды игі қасиетті негізгі ұстанымдарына айналдырған еріктілер саны да жыл са[1]нап артып келеді. Волонтерлік бағыт бүгінде 50 мыңнан астам мүшесі бар, 3,5 мыңнан астам ұйымды біріктірген үлкен қоғамдық күшке айналды. «Елбасы негізін қалаған жастар саясатын бүгінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да сабақтастықпен жалғастырып келеді. Жас ғалымдарды қолдау үшін ғылыми-зерттеу жобаларын қаржыландыру көлемі 9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Биыл Президент ғылыми-зерттеу жобаларының мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл жас ғалымдардың 35 жасқа дейін ғылыми зерттеулермен алаңсыз айналысуына мүмкіндік береді» деді министр өз сөзінде. Бұған қоса, 2025 жылға дейін мемлекеттік бағдарламалар аясында 30 мың жасты, оның ішінде 10 мың ауыл жасын жұмысқа орналастыру жоспарла[1]нып отыр. «Тәуелсіздіктің 30 жылында жастар саясатында ауқымды да қарқынды жұмыстар атқарылды. 1993 жылы Тұңғыш Президент Жарлығымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалып, 15 мыңнан астам жас әлемнің ең озық университеттерінде оқуға мүмкіндік алды. Бүгінде шетелден оқып келген түлектердің 54 пайызы мемлекеттік органдарда, 30 пайызы жеке секторда, 16 пайызы халықаралық ұйымдар мен ұлттық компанияларда қызмет етеді. Жас ғалымдарды қолдау мақсатында жыл сайын үздік ғылыми жобаларға Дінмұхамед Қонаев және Мұхтар Әуезов атындағы арнайы сыйлықтар табысталады. Мемлекеттік жастар саясатындағы өзгерістер 2000 жыл[1]дардан бастап тың серпін алды. «Қазақстан жастары» мемлекеттік бағдарламасы, мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы қабылданып, «Жасыл ел», «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен – ауылға», «Серпін» жобалары іске қосылды. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 300 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды. Бұл нәтижелі жоба алдағы уақытта да жалғасын табады» деді министр. «Бүгінде әлемде «Қазақстан қайда, қандай ел?» деп сұрайтындардың қатары азайып келе жатыр. Оған түрлі саладағы жетістіктер куә» деген Аида Балаева елімізді жаһанға танымал етуге өлшеусіз үлес қосып жүрген талантты жастарды атап, бұл тәуелсіздік алғаннан бастап жастар мәселесінің басты назарда болып, ел басшылығының талантты жастарға көрсеткен тұрақты қолдауының жемісі екенін жеткізді.

Қазақстан – мүмкіндіктер мекені

Форумда сөз алған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жастардың елдік мәселелерге араласуына мүмкіндіктер берілгенін атап, ерікті жастардың пандемиямен күреске қосқан үлесі зор болғанын атады. –Өздеріңізге белгілі, 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланған болатын. Соның аясында өскелең ұрпақты жан-жақты қолдау шаралары белсенді түрде жүзеге асырылды. Волонтерлар жылы да жастардың зор әлеуетін ашуға ықпалын тигізді. Пандемияға қарсы күреске 1 миллионға жуық ерікті жұмылды. Солардың басым бөлігі жастар болғаны белгілі, — деді Сенат спикері. Қазақст анда жаст арға елдік мәселелерге араласып, маңызды шешімдер қабылдауға мол мүмкіндіктер беріліп отырғанын айта келе: «Мемлекет басшысының бастамасымен Мәжіліс пен мәслихат сайлауы кезінде партиялық тізімде әйелдер мен жастарға міндетті 30 пайыздық квота белгіленді. Осы нор[1]ма бойынша соңғы сайлауда жастардың заң шығарушы және өкілдік органдарға көптеп келуіне жол ашылды. Мемлекет та[1]рапынан жастар үшін әділетті әлеуметтік лифт қалыптастыру қағидасына да баса да мән берілуде. Осының негізінде Президенттік жастар кадрлық резерві жасақталып, білікті жастар іріктелді. Бүгінде резервтегі екі жүзге жуық жас аза[1]мат жауапты қызметтерге тағайындалды», деді Мәулен Әшімбаев. Осыдан 5 жыл бұрын «Болашақ» бағдарламасы бойынша Финляндияда оқып келген, әлемдегі 50 үздік педагог санатына енген Асхат Жұмабеков, «Жасыл ел» жастар жасағының құрамында еңбек еткен күндерін еске алған белсенді, павлодарлық Русана Самекова, «Серпін» жобасының жемісін көрген түркістандық Айдар Кузеров, «Славян базары» байқауының жеңімпазы, әнші Рухия Байдүкенова, спортшы, әрі биология пәнінен қазақ мектептеріне дәріс беретін Алена Малькова, 20 жасында 30-дан астам патенттің иегері атанған IT саласының дарынды маманы Тимур Рысбеков – форумның қонақтары ретінде сөз алып, жиылғандарға жалынды, жігерлі сөз арнады. Мотивациялық серпін беретін, үлгі болатын жастардың өмір жолдары, жеткен жетістіктері форум қатысушыларын қанаттандырды. Сондай-ақ, Тимур Рысбеков 20 жылдан кейін жастар ашуы қажет Крипто Жолдауды министр Аида Балаеваға табыстады.

«Дарын» сыйлығының лауреаттары анықталды

Республикалық жастар форумы аясында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздарын Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марапаттады. «Дарын» сыйлығы 10 номинация бойынша 18 адамға берілді. «Ғылым», «Қоғамдық қызмет», «Журналистика», «Халық шығармашылығы», «Классикалық музыка», «Театр және кино», «Спорт», «Эстрада», «Әдебиет» және «Дизайн және бейнелеу өнері» аталымдары бойынша топ жарғандарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы мен диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы табысталды. Айта кетейік, 1992 жылы талантты жастарды қолдауға арналған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы тағайындалған уақыттан бері 296 жас осы сыйлықтың иегері атанған. Республикалық форумға атыраулық жастар онлайн қатысты. «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы алаңында алқалы басқосуды тамашалаған жастар шара соңында алған әсерлерімен бөлісіп, ой-пікірлерін білдірді. Қызылқоға аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбол Бижанов: «Қазақ жастарының тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін паш еткен форумға қатысқаныма қуаныштымын. Түрлі деңгейде жетістікке жеткен жастар аз емес. Соларды насихаттау, таныту мақсатындағы шаралар, қатысушылардың айтылған ойлары көңілімізге қонып, бізге тың серпін берді. Аймақта да өз ісінің маманы саналатын жастар жетерлік. Соның ішінде Қызылқоға десе, қазіргі таңда өнер саласында республикалық деңгейде танылып жүрген «Сағыз» командасын мақтанышпен айтамыз. Олардың жетістігі – тәуелсіз еліміздегі ауыл жастарының жетістігі» деді. Спорт саласында жүрген саңлақтардың да есімін атаған ол қазіргі таңда жастар үшін мол мүмкіндіктер қарастырылғанын айтты. «Осыдан екі жыл бұрын «Жастар жылының» ашылуын теледидардан тамашалап, мен де жетістікке жеткен жастарға сүйсініп, «Біз де осындай болсақ!» деген қызығушылық танытып едім. Бүгін де сол сезім жетегінде тұрмын. Жетістікке жеткен әр отандасымызбен мақтанамыз. Тәуелсіз елді аға ұрпақ аяғына тұрғызса, ізін жалғар, елді дамытатын – біздер, келер ұрпақ. Сондықтан, мемлекет қазір қолдау түрлерін жан-жақты көрсетуде. Жұмыс жасаймын, өсемін деген жасқа мүмкіндіктер мол» деді бізбен әңгімесінде Атырау студенттер альянсының төрағасы Әділет Сәбитов.

РАСЫНДА ДА ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЕЛ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕР БУЫН ӨКІЛДЕРІ. «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» ДЕГЕН ҰЛЫЛАРДАН ҚАЛҒАН ҮКІЛІ ҮМІТТІҢ ҮДЕСІНЕН ШЫҒАР ЖАСТАР КӨП БОЛҒАЙ!

Гүлжан ӘМІРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button