
ЖИ «тілін» бес саусақтай білу — заман талабы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы Жолдауында жасанды интеллект пен цифрлық даму бағытында бөлек министрлік құру жөнінде айтқан бастамасын дер кезінде қабылданған әрі стратегиялық шешім деп санаймын. Бұл – еліміздің технологиялық егемендігін қамтамасыз етуге, жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қадам екені даусыз. Әсіресе, қазіргі бизнес иелерінің жасанды интеллекттің «тілін» бес саусақтай білуі қазіргі замманның басты талабы болып отыр.
Бүгінде әлемдік нарықта тек табиғи ресурстарға ғана емес, интеллектуалдық өнімдерге де сұраныс күн санап артып келеді. Жасандыинтеллект — экономиканың барлық саласын қайтажүктеуге мүмкіндік беретін қуатты құрал. Оны тек пайдаланып қана қоймай, өзіміз жасап, экспорттайалатын деңгейге жетуіміз — болашақтың кепілі.
Жаңа министрліктің құрылуы — бұл саланың мемлекет үшін стратегиялық маңызға ие екенін көрсетеді. Ендігі жерде бизнес, ғылым жәнемемлекет арасындағы үштаған байланыс нығаятүсіп, бірлескен экожүйе қалыптасуы керек. Бұлқадам цифрлық индустриядағы отандықкәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашады, стартаптарды қолдайды және технологиялықинновацияларға жол ашады.
Президент айтқандай, Қазақстанды шынымен де бәсекеге қабілетті елге айналдыру үшін ескі әдістермен жұмыс істеуді доғарып, жаңа ойлау, жаңа тәсілдер мен технологиялар кезеңіне қадам басуымыз қажет. Бізге енді цифрлық көшбасшы болу міндеті тұр. Бұл тек мемлекеттік саясаттың емес, әрбір кәсіпкермен азаматтың ортақ миссиясына айналуы тиіс.
Ақылбек ҚҰЛБАРАҚОВ,
Атырау қалалық мәслихатының депутаты