Жарнама
Қоғам

Жетім көрсең жебей жүр

Атырау облыстық білім беру басқармасы ұжымы бір күндік жалақыларын «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы жане жасөспірімдер үйі» тәрбиеленушісінің «Отбасы банктегі» есеп-шотына аударды деп хабарлайды басқарманың баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.
Аталған «Мейірім» қайырымдылық акциясы 2011 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау мақсатында жүзеге асырылып келсе, мемлекет басшысы биыл ақпан айында осы өңірге жұмыс сапары барысында аталған акцияны ел аумағында ауқымын кеңейту жөнінде тапсырма берген болатын.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін қажетті жағдай жасау, жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз етуді көздейтін акция бүгінде бірқатар өңірде қолдау тапты.
Акция шеңберінде кәсіпорындардың, бизнестің, мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатарынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды кәсіптік бағдарлау және одан әрі жұмысқа орналастыру, тұрғын үйді одан әрі сатып алу үшін «Отбасы банк» АҚ-да депозиттік шоттар ашу және толықтыру мақсатында «тәлімгерлерді» бекіту қарастырылған.
Айта кетейік, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы мен баланы сүйемелдеу жөніндегі міндеттемелерді өзіне алған кәсіпорын арасында баланы әлеуметтік-патронаттық қолдау жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасалады.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button