Жарнама
Қоғам

Жергілікті кадрларды қолдау қажет

Жуырда Атырау қаласында Халықаралық мұнай-газ форумы өтті. Форумның біздің өңірде ұйымдастырылғаны – көңіл қуантарлық жағдай. Облыста ірі және негізгі жер қойнауын пайдаланушылар бар болғандықтан бұл форумның Атырауда өтуі дұрыс деп есептеймін. Бір көңіл көншітпейтіні, мұндай жиынға тек бизнес субъектілерін ғана емес, қоғам ұйымдарды да шақыру қажет. Кейде біз мұндай іс-шаралардың өтетінінен бейхабар боламыз. Егер бізді шақырса немесе ресми хабарландыруларды көрсек, ұйымдастырылған қоғамдық тыңдауларға қатысар едік.

Әрине, ел экономикасы үшін инвестиция маңызды. Бірақ менің ойымша, инвесторлар ең алдымен компанияның алға қойған біліктілік талаптарына сәйкес келетін жергілікті кадрларды жұмысқа орналастыруға баса назар аударуы керек. Сонымен қатар еліміздің және әлемнің үздік жоғары оқу орындарында оқитын, өндірістік тәжірибелерде өзін жан-жақты көрсеткен жастарды тарту қажет.

Мен республика Энергетика министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесімін, онда “ТШО”, “НКОК”, “КПО” сияқты ірі мұнай-газ компаниялардың жұмыс есебі міндетті түрде тыңдалады. Осыған байланысты негізінен ірі қазақстандық компанияламен жұмыс жасалып жатқанын айтқым келеді. Бірақ бизнес өкілдерінен тауарлар мен қызметтерді сатып алуға көбірек көңіл бөлу қажет. Ірі жер қойнауын пайдаланушылардың жобаларына ШОБ-ты қатыстыру арқылы қазақстандық қамтуды жылдан жылға ұлғайту қажет. Өйткені, бұл – жаңа жұмыс орындары, салық түсімдері, трансферт-технологиялар. Біз мұны нақты түсінуіміз керек, өйткені шағын және орта бизнес өзін ғана емес, кем дегенде үш-бес қазақстандық отбасын да асырайды. Негізінде, біз бұл мәселелерді көтеріп жүрміз, бірақ қазір дәл осы бағыттарға ерекше назар аударғымыз келеді.

Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА,
Қазақстан Халық партиясы облыстық филиалының төрағасы, қоғамдық кеңестің мүшесі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button