Жарнама
Қоғам

ЖЕР ДАУЫН ШЕШУДІҢ ҰТЫМДЫ ЖОЛЫ

 

Қала әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы Серік Нысанбаев қалалық жер қатынастары бөлімінің жұмысы бойынша төмендегі  мәселелерді көпшілік назарына берді. Жер учаскелеріне жүргізілген түгендеу кезінде анықталған жалпы ауданы 19,7 мың га болатын 118 жер учаскесі бүгінгі таңға дейін қайта айналымға қосылмаған. Сондықтан, ҚР Жер кодексінің 48-бабына сәйкес жер учаскелері аукцион арқылы берілетіндіктен қалалық жер қатынастары бөлімі қалалық сәулет бөлімімен және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы және коммерциялық мақсаттағы бос жер учаскелерін анықтап, олар заң талаптарына сай аукционға шығарылуы тиіс.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің көпшілігі уақытша өтеулі негізде болғандықтан жер қатынастары бөлімі осындай учаскелерді біржақты бұзу фактілерін тәжірибеге енгізуі  қажет. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарымен иесіз қалған учаскелерді иесіз қалған мүлік ретінде есепке қойып, бір жыл өткен соң сот арқылы қайтару шаралары алынбаған.

 Облыс әкімінің тапсырмасы  бойынша 2013-2015 жылдар аралығында бұрын заңсыз беріліп кеткен учаскелерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі шешімімен қала әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесе отырып, елуге жуық жер учаскесін сот органдары арқылы мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл учаскелердің жалпы көлемі – 470 гектарға жуық. Бұлардың ішінде 20 учаске – қаланың әр түрлі аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларынан беріліп кеткен учаскелер. Ол халықтың наразылығын туғызып, түрлі деңгейдегі билік өкілдеріне бірнеше рет арыздануына негіз болған. Бүгінде бұлардың барлығы белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне қайтарылып, халықтың ортақ пайдалануына берілген.

Жер қатынастары бөліміне жүргізілген прокурорлық тексеріс кезінде қала әкімінің қабылдаған шешімдеріне сай бюджетке төленуі тиіс қаражаттың бір-екі жыл бойы төленбеу фактілері анықталған. Бүгінгі таңда қабылданған шешімдер бойынша бюджетке төленуге тиісті 38,3 млн. теңгенің келісім-шарттары орындалмай отыр. 

Жиынды қорытқан шаһар басшысы Н.Ожаев талқыланып отырған мәселеге тиісті лауазым иелеріне жеке және заңды тұлғалардың жерге қатысты өтініштерін қарау кезінде әуре-сарсаңға салуға жол бермеуді, жер учаскелеріне құқық беретін қаулы-жобаларын дайындауды белгіленген мерзімде жүзеге асырып,  өтініштер бойынша жазбаша жауаптар жолдауды қамтамасыз етуді міндеттеді. Сондай-ақ, жер учаскелерін мақсатына сай пайдаланбай отырған немесе келісім-шарт талаптарын бұзу арқылы пайдаланып отырған жер пайдаланушыларды жұмысшы комиссиясының рейдтік тексерулерімен анықтау, бұл мәселеге қатысты тұлғалардың жауапкершілігін күшейту мақсатында бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің  ай сайынғы есептерін жұмысшы тобының отырысында тыңдау ұсынылды.

 Бақытжан  ЖҰМАТ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button