Жарнама
Қоғам

ЖЕР ДАУЫ ӨРШІП ТҰР…

 Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мақат аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы заңды аяққа басыпты. Тұрғын үй құрылысын салу туралы арызы болмаса да, 25 адамға оның көңілі ерекше түскен көрінеді. Жер таңдау актісі дайындалған, одан әрі жер қатынастары жөніндегі комиссияда оң қорытынды шығарылған. Осылайша, Доссор поселкесінің әкімі 25 жер телімін беріпті.

Заңның бұзылуын жергілікті прокуратура анықтаған еді. Нәтижесінде, Мақат ауданы әкімінің өкімімен сыбайлас жемқорлыққа жол берген Доссор поселкесінің әкімі Есенжан Төлешқалиев пен Мақат аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Иса Сералиев қызметтерінен босатылып тынды.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button