Жарнама
Қоғам

Желіге жегілген өмір жарға жықпасын…

Бүгінде пайдасы мен зиянын ажырата алмайтын  желі қолданушыларының саны көбейді. Өмірімізге дендегені сонша, еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін әлеуметтік желінің құрбанына айналып барады.

Осы тұста ғаламтор арқылы ақша табуды мақсат еткен  желі белсенділерін айтпасқа болмайды. Олардың елді таңғалдыру мақсатындағы контенттеріне елікпейтін адам жоқ. Елді аузына қаратып жүрген атақты белсенді-блогерлердің жарнамасына сеніп, алданғандар қаншама?!

Иә, әлеуметтік желінің 90%-ы сценарий бойынша өтіріктен құралған десек те болады. Парақшасындағы жалған өміріне сендіріп жүрген блогерлер контент үшін қыруар қаржы жұмсап, жасанды өмірімен жасөспірімдердің санасына теріс әсер етуде. Еліктегіш жастар блогерлердің өмірін «көшіріп» алып, соларға ұқсауға тырысып-ақ бағады. Гендерлік ауытқуымен танылып, есірткі мен ішімдікті идеализациялап, балағат әндермен көңіл көтеріп жүргендердің оқырмандары да осы – ел болашағы деген жас буын өкілдері.

Расында, жалған өмірімен жұртты елітетін блогерлерді ажыратып білмейтін өрімдей жастардың виртуалды өмірде адасып жүргені қоғамның дерті. Ал оларды кім құтқарады? Сұрағы көп, жауабы жоқ мәселе… Қазір халық қалаулылары осы мәселені мінберде көтеріп, жасөспірімнің санасын әлеуметтік желімен уламаудың шешімдерін талқыға сала бастады. Демек, санамызды сілкіп, сабақ алатын кез келді.

Жастардың өкілі ретінде замандастарыма «біз рухы мықты халықтың ұрпағымыз, ендеше санасы биік тұлғаларға теңесейік» дегім келеді.

Дана ЖАҚСЫБАЙ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button