Жарнама
Қоғам

ЖАУЫН ЗАРДАБЫ ЖОЙЫЛЫП КЕЛЕДІ

— Өткен аптада селолық округтердегі суды сору жұмыстары аяқталды, — дейді М.Хагай. Басқарма басшысының әңгімесінен түсінгеніміз, тұрғын үйлер бөлігінде судан арылту шаралары үздіксіз жүргізілген. Алып «КамАЗдар» күніне 30-40 рет рейс жасапты. Соған қарамастан қала тұрғындары үйлеріне қайтадан су толғанына шағымданады екен. «Мұның басты себебі жерасты сулары деңгейінің көтерілуінде. Сол себепті біз қазір басқа әдіс бойынша жұмыс жасаудамыз. Ықшамаудандағы ең аласа жерден шұңқыр қазып, су тартуды сол жерден жүргіземіз. Осылайша, бүкіл көшенің суы сол ойысқа құйылады. Өрт сөндіргіш-сорғы стансасын орнатып, түтік құбырды (ұзындығы екі шақырым) жалғаймыз да, суды тікелей кәріздік насос стансасына жібереміз» дейді сұхбаттасушымыз.

Табиғат құбылысынан Лесхоз тұрғындары да әбігерге қалды. Өйткені, жауынның салдарынан топырақ опырылып, өздігінен ағатын коллектор істен шыққан. Осыдан қырық жыл бұрын салынған құрылғы осы аралықта әбден жарамсыз күйге түскен көрінеді. Абырой болғанда, жергілікті әкімдіктің шұғыл ұйымдастыруы, тиісті мамандардың уақытпен санаспай еңбектенуінің арқасында үлкен апаттың алды алынды. «Атырау Су Арнасы» КМК директоры Андрей Ташлыковтың пікі-рінше, сындарлы сәтте диаметрі 300 миллиметр, ұзындығы 700 метр болатын қысым тұрбасын монтаждау жұмыстары жүргізілген. Әзірге сарқынды сулар уақытша сызбамен тікелей 2-ші кәріздік насос стансасына құйылып жатыр. Ал, істен шыққан өздігінен ағатын коллектор алдағы күндері толық жөнделетін болады.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button