Қоғам

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖЕҢІЛДЕМЕЙДІ

Аталған департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, Елбасы Жолдауын іске асыру бойынша бірқатар жұмыстарды баяндады.

Тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылуы, тарифтердің айтарлықтай ұлғаюына жол бермеу бағытында жасалып жатқан жұмыстар жөнінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі тұрғын үй секторының меңгерушісі Марта Нұрғалиева хабарлама жасады. Ол өз сөзінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысы қайта қаралып, мұнда делдалдарсыз, несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну мүмкіндігі көрсетілетінін, бұл жұмысқа қомақты қаржы да бөлінгенін айтты.

Ал, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Дина Әбішева шағын және орта бизнес пен ірі кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Белгілі болғанындай, кәсіпкерлерге төмен пайызбен несие беру, 2050 жылға қарай ішкі жалпы өнімді 50 пайызға ұлғайту бойынша жұмыс жалғасуда. Кәсіпкер-лікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша қаржы бөлінген. Сондай-ақ, биылдан бастап шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл мөлшері 50 пайызға азайтылған.

Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру, заман талабына сай құқықтық реформаны қалыптастыру, бір сөзбен айтқанда, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру — мемлекеттік қызметшілерге артылған міндет. Жолдаудың діттеген мақсаттары мен талаптарын орындауда электронды үкімет порталы қызметінің де рөлі зор. Бұл жөнінде әділет департаментінің мамандары хабарлама жасап, қаржы мен мүлікке рақымшылық жасау заңы бойынша да түсініктер берді. Жиынға қатысқан сала өкілдері Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда қай істе де жүйесіздікке жол берілмейтінін баса айтты.

Жиын соңында тұрғындар көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button