Жарнама
Қоғам

ЖАТТЫҒУДА шыңдалады жас ұлан …

Облыстық білім басқармасының дене тәрбиесі мен спортты дамыту аймақтық орталығының алғашқы әскери дайындық кабинетінің жетекшісі Нұрлан Елеуовтің айтуынша, әскери-патриоттық клубтар бүгінгі таңда кез келген оқу орнында болуға тиіс. 
— Биылғы жылдың ақпан айында облыстық білім басқармасы басшысының бастамасымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ облыстық филиалы жанынан алғашқы әскери дайындық кабинеті ашылған болатын. Осындай жағдай жасалғаннан кейін біз биылғы жылдан бастап көптеген шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Кейбірін өткізіп те жатырмыз,-дейді кабинет жетекшісі.
Әскери-патриоттық клубтың мүшесі Дәурен Естеміровтің айтуынша, бұл шаралар оған қатысушылардың, қонақтар мен ұйымдастырушылардың үлкен тобы үшін бұлжымас дәстүрге айналып отыр. «Жыл өткен сайын слетке қатысуға ынталылар қатары өсуде. Бұл қуанышты жайт»,- дейді маман.
Алғашқы әскери дайындық кабинеті жетекшісі бүгінде әскери қызметке жігіттермен қатар, қыздардың да қызығушылық білдіріп отырғанын ризашылықпен айтады.
— Оқушыларымыздың қимылы мен шапшаңдығы бірінен-бірі өтеді десек те болады. Жалпы мұндай шараларды жиі ұйымдастыру жастарымызды патриоттық тәрбиеге баулиды. Сондай-ақ, мектеп қабырғасынан әскери тәртіпті бойына сіңірген бала әскер қатарындағы тәртіпке де оңай бейімделіп кетеді деп ойлаймыз,-дейді аталмыш шараның басы-қасында болып, жастардың сайысына баға беріп отырған Ауған соғысының ардагері, Ұлттық қауіпсіздік органының ардагері Бейімбет Үлкенбаев.
Үстіміздегі жылы слетке 15 клуб қатысты. Облыстық слет жеңімпазы біздің облыстың атынан осы жылғы маусым айында Щучинскіде өтетін республикалық слетке қатысуға жолдама алды.
Диас НАУРЫЗӘЛИЕВ.
Суретті түсірген
Самат ҚАЙЫРЖАНОВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button