Жарнама
Қоғам

Жастарға артылған сенім

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы барша халыққа бағытталған стратегиялық бағдар ғана емес, жастарға арналған сенім мен зор жауапкершіліктің айқын көрінісі болды.

Жолдауда жастардың қоғамдағы рөліне ерекше мән берілген. Шын мәнінде, көкірегі ояу, ойы сергек жас ұрпақ үшін патриотизм құр ұран емес. Ол тың бастама көтеру, халыққа пайдалы іс жасау, жаңа технологияларды меңгеру арқылы Отанға қызмет ету. Бұл Қазақстанның келешегін кемел ететін басты кепіл.
Хакім Абайдың «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген өсиетін еске ала отырып, біз жастарды білімге, ғылымға, әділет пен ізгілікке жетелеуді ортақ міндет деп білеміз. Өйткені парасат пен әділдікті ту еткен жас буын ғана елдің шынайы тірегіне айналады.
Мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп отырған жан-жақты қолдау – біз үшін үлкен мүмкіндік әрі жауапкершілік. Жастар саясаты саласында еңбек етіп жүрген біздер осы сенімді нақты нәтижеге айналдырып, жас буынға өз қабілетін шыңдайтын жол ашуға әрқашан дайынбыз.
Жолдаудағы әрбір ой біздің бағдары­мыз, әрбір міндет іс-қимылға шақыру. Жастардың білімі мен жігері Қазақстанды жаңа биіктерге жетелейтініне сеніміміз зор.
Ендеше, бәріміз бірге дамып, бірге жаңашылдық жасайық!

Мәнсия САҒИДОЛЛАҚЫЗЫ,
Атырау қаласындағы Жастар ресурстық орталығының басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button