Жарнама
Қоғам

Жастар заң мен зерде жолында


Азаматтық қоғамның қалыптасуында жастардың рөлі айрықша. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ – ел болашағының тұтқасы. Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы және облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің көшбасшылары арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында «XXI ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды сайыс өтті.

–«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының мақсаты – жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ оқушылардың азаматтық жауапкершілігі мен саналы таңдау жасау қабілеттерін нығайтуға бағытталған. Бүгінгі сайысқа 5 орта мектептің көшбасшылары қатысып, білім сайысында Қазақстан тарихы, дүниежүзілік мәдениет, құқықтық нормалар, әдебиет пен география сыны түрлі бағыт бойынша өз білімдерін сынады, — дейді Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Гүлнұр Рүстемқызы.

Аталмыш сайысқа құқық қорғау органдары мен Жастар ресурстық орталығының өкілдері сарапшы ретінде қатысып, құқықбұзушылықтың алдын алу, есірткі мен лудоманияның зияны, суицид пен буллингтің зардабы сынды өзекті мәселелерді талқылады.
Жалпы саны 30-ға жуық жасты қамтыған додаға белсене қатысқан барлық көшбасшы оқушыға арнайы Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button