Жарнама
Қоғам

«Жастар практикасына» өзгеріс енгізіледі

Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлболат Аманғалиева мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

— Жастар практикасына бұрын 29 жасқа дейінгі жастар қатысса, келесі жылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар қатысатын болады. Сондай-ақ «Алғашқы жұмыс орны» жобасына бірыңғай ұлттық тестілеуден өтпеген және әрі қарай оқуын жалғастырмаған мектеп түлектері де қатыса алады деді, Г.Аманғалиева.

Сонымен қатар келер жылдан бастап қайтарымсыз гранттардың орнына жастар үшін 2,5 пайыздық несиелер берілмек. Ал Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін ұлғайту мақсатында барлық өңірлерде енді «Еңбек ұтқырлығы» орталығы құрылады. Г.Аманғалиеваның айтуынша, халыққа қызмет көрсетіп тұрған Жұмыспен қамту орталықтары олардың филиалдары болып қайта құрылатын болады жəне одан əрі жекешелендіруге жатады. Жаңа орталықтардың негізгі міндеті – жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жəне ұлттық еңбек нарығының көрсеткіштерімен байланыстыра отырып, өңірлік жұмыспен қамту саясатын іске асыру.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button