Жарнама
Қоғам

Жастар – Отан үшін!

Туған жерді сүю, оған қалтқысыз қызмет ету, елдің дамуына барынша үлес қосу – әрбір азаматтың міндеті және парызы. Мұны және кез келген қызметте жүріп атқаруға болады. Өйткені, туған елдің дамуына жастардың қосар үлесі шексіз де шетсіз. Бәріміздің мойындайтын бір шындығымыз бар, ол – мемлекетіміздің болашағы жастардың еңбекқорлығына, табандылығына, білімділігіне, жаңашылдығына байланысты.

Өткен 2020 жылы халықтың 20%-дан астамын 14-28 жас аралығындағы жастар құрады. Демек, қазірдің өзінде еңбекке араласқан әрбір жас қоғамның өрге басуына өзінің сүбелі үлесін қосуда. Олар мұны өз еліміздің ішінде де, әлем бойынша өнерде, ғылымда, спортта, бизнесте – экономиканың барлық саласында дәлелдеуде. Осы себептен де мен жастарды ел басқару ісіне ертерек араластырған дұрыс деп есептеймін.

Айталық, былтырғы сайлауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жастарға арналған квотаның енгізілуі оларға әлеуметтік лифт берді. Нәтижесінде мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «Nur Otan» партиясының жас депутаттарының саны 3 есеге – 7-ден 23%-ға дейін артты. Өзім де партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан партияішілік праймеризден өтіп, Атырау қалалық мәслихаты депутаты болып сайландым. Бұл қызмет маған үлкен абыроймен қатар, зор жауапкершілік те жүктеді. Сонымен қатар, депутаттық қызмет тәжірбиесі көп әріптестерімнен тәлім жинауға, қаламыздың әлі де болса шешімін күткен түйінді мәселелерін терең түсінуге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде партияның және өзіміздің сайлауалды бағдарламамызда көрсетілген мақсаттарға жету үшін барынша қызмет етудеміз.

Соның ішінде 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы қабылданып, онда жастарды қолдау және заң шығару процесінде олардың мүдделерін қорғау, бастамаларын іске асыру, жұмысқа орналастыру, білім беру сапасын арттыру сияқты жүзден астам нақты шараны жүзеге асыру көзделуде. Мен – тәуелсіздіктің ұланымын, биыл егемендігімізбен бірге өзімнің 30 жасымды қарсы алудамын. Қарапайым отбасынан шығып, сапалы білім алуға ұмтылдым.

Білім грантын алып, ұлттық компаниялар мен шетелдік компанияларда жұмыс жасап, басшылық қызметке дейін көтерілдім. Бүгінде серіктестігіммен бірге Ресейден инвесторлар тартып, Атырау қаласынан екі жаңа өндіріс аштық. Соның нәтижесінде жол сапасын арттыратын экструзиялық және тоқымалы геосинтетикалық материалдар шығарудамыз.

Қазірдің өзінде 20-дан астам жаңа жұмыс орнын аштық, біздегі жұмысшылардың орташа жасы 29-ды құрайды. Алдағы жылдың алғашқы тоқсанында цехтарды кеңейтуді жоспарлаудамыз. Осындай игі істің арқасында тағы да 108 адамды жұмыспен қамтып, жұмыс орындарын көбейту ойда бар. Ол үшін 5 млрд. теңгеге жуық инвестиция салынбақшы. Осының бәрін мен елімізде жастарға жасалып жатқан игілікті істердің нәтижесі деп білемін. Ел үшін адал еңбек ете білсек, біз алмайтын асу, біз жеңбейтін қиындық болмайды.

Азамат АСЫЛБЕКОВ,

«Ультрастаб-Казахстан» ЖШС директоры,

Атырау қалалық мәслихатының депутаты

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button