Қоғам

«Жастар бәсекеге қабілетті болуы керек»

Бүгін, 20 сәуір күні Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Махамбет ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сапар барысында аймақ басшысы алдымен Бейбарыс ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтып өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: «Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында жүктелген міндеттерге тоқталды.

Серік Шәпкенов Бейбарыс ауылдық округінде жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жасалған жұмыстар мен жоспар жайында айтты.

⁃   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел болашағы жастарға сенім артып отыр. Жаһандану заманында әр салада бәсекелестік туындай бастады. Сәйкесінше, талапқа сай келетін мамандарға сұраныс артты. Ал жастарымыз осы үрдісте шет қалмай, заман талаптарына сай мамандықтарды меңгеріп, бәсекеге қабілетті болуы керек. Бұл ретте өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ерекше мән берген жөн. Ата-анасынан бастап, қоғам болып атсалысуымыз керек. Өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелейік. Бала тәрбиесіне, ел болашағына көңіл бөліп, мемлекет пен халықтың арасында қоғамдық келісімді бірге орнатайық, деді облыс әкімі.

Облыс басшысы ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Ауыл тұрғындары дәрігерлердің жетіспеушілігі, Жайық өзенінің жағалауын бекіту, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру секілді т.б. мәселелерді көтерді.

Кездесуден соң Серік Шәпкенов ауыл тұрғындарын жеке қабылдады.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button