Жастарға мүмкіндік мол
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында келешекке бағыт сілтеп, алдағы міндеттерді айқындап берді. Осыдан үш жыл бұрын Индер ауданында жастар ресурстық орталығы өз жұмысын бастады. Содан бері ауданның жас тұрғындары сапалы білім алып, табысты еңбек ету мүмкіндігін иеленді.
Мұндағы мамандар жастардың қосымша білім көздері мен жаңа жұмыс орындарын тауып, тіпті, өз кәсібін ашуға да көмектеседі. Олар мемлекеттік бағдарламалар мен жастар мәселесіне қатысты барлық сауалдарға жауап береді. Қажетті кеңестер мен нұсқауларды да осы жерден алуға болады. Бүгінде орталық жастардың өз ойын еркін білдіре алатын нағыз ашық пікір алаңына айналды. Бұл бағытта түрлі байқау, тренинг, жиындар ұйымдастырылады. Мәселен, былтыр жүзден астам шара өткізілді. Оның ішінде, жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттаған семинарлар, діни сауаттылықты арттыру, нашақорлық, маскүнемдік пен шылым шегудің алдын алуға бағытталған әлеуметтік акциялар, спорттық және мәдени-көпшілік іс-шаралар бар.
Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.