Жарнама
Қоғам

Жасанды интеллект құқықтық жүйені жаңа деңгейге шығарады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды құқық қорғау саласына енгізу жөніндегі бастамасы – Қазақстанның құқықтық жүйесін жаңғыртудың стратегиялық бағыты. Бұл қадам қоғамның қауіпсіздігін арттырумен қатар, құқық қолдану тәжірибесін біріздендіруге, шешім қабылдаудағы адами фактордың ықпалын азайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда әлем елдері “predictive policing” – қылмысты болжау тәжірибесін белсенді түрде енгізіп жатыр. Президент ұсынғандай, қылмыстық қауіптерді болжау және алдын алу үшін үлкен деректер мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану – дер кезінде әрекет етуге, қауіптің тамырын ерте кесуге сеп болады. Бұл – реактивті емес, проактивті көзқарас.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сараптамалық орталық ретінде дамуы – деректер негізіндегі шешім қабылдаудың институционалдық тірегін қалыптастырады. Бұл орган тәуекелдерді анықтау, картаға түсіру, өңірлік және салалық талдау жүргізу сынды маңызды функцияларды атқара алады. Мұндай тәсіл болжамды модельдерге сүйеніп, ресурстарды тиімді бөлуге көмектеседі.

Жасанды интеллект көмегімен құқық қолдану тәжірибесін стандарттау — азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға, шешімдердің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге жол ашады. Әсіресе сотқа дейінгі тергеу кезеңінде алгоритмдер арқылы заң бұзушылықтар мен қателіктерді болдырмау мүмкіндігі артады.

Президент атап өткен ұлттық суперкомпьютерді осы салада пайдалану – үлкен көлемдегі құқықтық және криминогендік деректерді өңдеуге техникалық мүмкіндік береді. Бұл Қазақстан үшін дербес цифрлық егемендікке де бастайтын жол.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында барлық жұмыс процестерін цифрландыру – шешім қабылдаудағы ашықтықты қамтамасыз етеді. Құжат айналымынан бастап, мемлекеттік қызметтер көрсетуге дейін автоматтандыру жемқорлықтың жолын кесетін тиімді құралға айналып келеді.

Айбол ДОЛДАШЕВ,

«AMANAT» партиясы Мақат ауданы филиалының атқарушы хатшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button