ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА — НЫҚ СЕНІММЕН

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына зейнетақы реформасының мәселелері жөніндегі Үндеуін Атырау өлкесінің педагогтері көптен күткен мәселенің шешімін табуы деп қарсы алды. 
Сөйтіп, Елбасымыздың қашанда елдің болашағын, халықтың қамын ойлайтындығының тағы да бір куәсі болдық. Бар өмірін бала тәрбиесіне арнаған педагогтер үшін Үндеу көкейде жүрген көп сұрақтың жауабы, пікірталас арқауына айнала бастаған күрмеулі мә¬се¬ленің түйіні болды.

Кеңес Үкіметі дәуірінен бері азаматтарымыздың санасында жатталып қалған қағида «зейнеткерлікке шықсаң үкімет асырайды» деген түсінік, бұл қағиданың қазіргі заманның талабына сай өзгеретіндігін түсінген педагогтеріміз, зейнет¬ақы заңнамасына өзгерістер ен¬гі¬зудің керектігін саналы түрде қолдап отыр. Қоғам мүшелері арасында өзекті мәселеге айналған ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасын теңестіру мемлекетіміздің болашағы үшін аса қажет шешім болып есептелетіндігін ұстаздар қауымы жақсы біледі. Халық арасында жүргізілген насихаттау жұмыстарының қате тұстарын көрсетумен қатар бұл реформаның қажеттілігін де дәлелдеген, мәселені бірте-бірте шешудің нақты жолын да көрсеткен Президенттің зейнетақы реформасына қатысты Үндеуі еліміздегі қоғамдық ойды дүр сілкіндірді, халық арасында, оның ішінде ұстаздар арасында қолдау тапты. Көңілімізден шыққан бір мәселе – жұмыс берушінің есебінен зей-нет¬ақы қорына 5 пайыздық жарна¬ның қосылатындығы. 
Әрине, педагогтерге қойылып отырған қазіргі талаптар, ақпараттық технологияның дамуы, оқытудың электрондық жүйесіне көшу – педагогтердің зейнеткерлікке шығу жасын ұзартуды емес, керісінше қысқартуды талап етуі мүмкін, алайда, қоғамымыздың барлық мүшелерін тәрбиелеп отырған ұстаздар қауымы болашаққа нық сеніммен қарайды және ел Президентінің Үндеуін қолдайды. Қай педагог болмасын, ұстаздық қызметті жүрегімен қалап келгендіктен еліміздің заңнама саласында болып жатқан барлық реформаларды түсінеді, сонымен қатар, демократиялық жаңғыртулардың қоғам мүшелері арасында дұрыс насихатталуына өзіндік үлестерін қосады, елімізге зейнетақы саласын жаңғырту реформасының қажеттілігін қолдайды деп айта аламын. Барша әлемге ортақ жаһандық үрдістен еліміздің шет қалуын қаламаймыз. Кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын бұл жаңашылдық үрдістің уақытқа, заман талабына сай жүретініне сенімдімін. 2018 жылға дейін мемлекетіміз жаңа даму жолына түсіп, білім беру инновациялық тұрғыда нығая түсетін болады деп ойлаймын.
Үндеудің тағы бір маңыздылығы – бала бағып, елдің демографиялық дамуына өз үлестерін қосып отырған аналардың да жағдайлары ескеріліп, оларға берілетін көмектердің қарастырылуы. Себебі, отбасы құндылығы – мемлекетіміздің ұстанып отырған басты саясаты. Ал, әйел заты санымен емес, санасымен жоғары тұрады емес пе?!
Зейнеткерлікке шығатын әрбір қазақстандықтың жасы өзінікі болғанымен, зейнеткерліктің де уақытымен, сәнімен, орнымен болуы елдігіміздің мерейі деп ойлаймын.

Злиха ДҮЙСЕКЕНОВА,
облыстық білім
беру басқармасы
басшысының орынбасары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз