Жаннат десе, Жаннат қой!..

Ол – қазіргі таңда Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының оқытушысы, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті. Атырау өңірінде өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлт өкілдерінің ынтымағы жөнінде «Бір тағдырмен байланысқан» деген кітаптың авторы. Үнемі бастама көтеріп, тың идеялар беріп отырады және айналасындағы зиялы қауыммен бірге үнемі шығармашылық байланыста.

Соңғы жылдары ол «Полиэтникалық қоғамдағы медиация» бағдарламасымен Болгария Республикасының Бургас, «Жаттықтырушы тренингі: дайындау технологиясы мен бизнес-жаттықтыруды өткізу» тренингін Ресейдің Мәскеу қалаларында өткізді. Астанада өткен VІІ Астаналық экономикалық форумның аясында Халықаралық Әйелдер форумына қатысты.

Сондай-ақ, Жаннат Уахитқызы«Балалардың суицидтік көзқарасын диагностикалау және алдын алу» атты Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология орталығында арнаулы бағдарламадан өтіп. «Тұрғындардың діни сауатын көтеру мәселесіне арналған түсіндіру жұмыстарының пәрменділігі» тақырыбында Көкшетау қаласында өткен Республикалық конференцияға қатынасты. «Қазақстандық әйелдердің «Қазақстан — 2050» Стратегиясына атсалысуы» атты республикалық конференцияға қатысып, Марина Петрованың «Мақсатқа жету» тренингінде болды. Париж-Женева- Милан- Монако-Ницца қалаларында Халықаралық КОНКОРД және ФИДЖИП Халықаралық федерациясының ғылыми-танымдық турында іскерлік тәжірибеден өтті. Астанада өткен ІV Еуразиялық саммитке қатысты. «Қазақстан халқы Ассамблеясы: бейбітшілік пен келісімнің Назарбаевтық формуласы. Аймақ тәжірибесі» монографиясы баспаға әзірленді. Оқу-әдістемелік жинақтары «Қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік трасформациямен контекстегі гендерлік саясат», «Гендерлік саясат пен тұрақты даму», «Менің Елім-Мәңгілік ел», «Халықаралық ымырашылдық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі» деген атпен жарыққа шықты.

Қазіргі таңда Жаннат Уахит-қызы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында әйелдер мектебін ұйымдастырды, Атырау облысы әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі. «Шаңырақ – 2008» ҮЕҰ-мен бірге қызмет етуде. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау үшін құрылған топта Облыстық ішкі істер басқармасымен бірлесіп жұмыс жасап келеді. Елбасының 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі облыстық ақпараттық-насихат тобының, экстремизмді, терроризм мен деструктивтік діни ағымдарды болдырмау мақсатында құрылған облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшесі. Аймақтық мемлекеттік қызметкерлерді дайындау және квалификациялау орталығының лекторы.

Адамдарды түсіне және кешіре білетін,күнделікті өмірде кетіп жататын білместіктерді ескермей, ал адам жүрегіндегі кішкене сәулені көріп, бағалай білетін Жаннат Уахитқызы әрбір шараның адамдарды рухани дамытқанын көздеп ұйымдастырады.

 Ол кісінің адамдармен тіл табысып, ерекше күш-жігермен алға ұмтылуы өте таңқаларлықтай. Сірә, адамның жан дүниесінің байлығы, мақсатына жетпей тынбайтын қайсарлығы мен өмірді сүюі оның ерік-жігерінің, өз ісіне деген адалдығының да кепілі шығар-ау.

 Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз