Жаңа жоба: «ЕРЕК»

izobrazhenie 2022 04 01 015504 Қоғам

Жалғанда жаратылысы бөлек, бітім-болмысы ерек жандар болады.

Олар – қилы тағдырмен өмірге келсе де жұмбақ та əдемі, таңғажайып жаратылыс иелері. Сонысымен де өзгел ерден ерекшел еніп тұрады. Мəселен, көзі көрмесе де түйсіктің сезімталдығы арқылы барлық іске икемді жандар бар.

Сондай-ақ, шашылған сүйекті жинап салатын қасиетке ие жерлестеріміз аз емес. Немесе, мүмкіндігі шектеулі болса да мүмкін еместі жасап жүргендер туралы да жазылуы керек.

Осы орайда, «Atyraý» газеті ерекше қабілетке ие немесе тумысынан ешкімге ұқсамайтын жандар туралы жобаны қолға алып, олардың өмір жолы, тағдыры туралы кеңінен таныстыруды мақсат етіп отыр. Егер сіздің де тумысынан өзге, болмысы ерек туыс-танысыңыз болса, хабарласыңыз. Біз сіздерден хат күтеміз.

Байланыс телефоны: 45-84-01.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз