Жарнама
Қоғам

Жаңа өмірге жаңа қадам: Атырауда жас отбасыларды қолдау жобасы қолға алынды

Атырау қаласында жас отбасыларға арналған “Jas Otau” мектебі өз жұмысын бастады. 9-10 тамыз күндері жоба аясында алғашқы екі күндік психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

img 0532

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, сондай-ақ сенім мен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынасты қалыптастыруға қолдау көрсету.

Тренингке биыл заңды некеге тұрған, отбасылық өмірге жаңа қадам басқан 5 жас жұп қатысты.

img 0533

Тәжірибелі психолог Шынар Қадимқызының жетекшілігімен өткен тренинг барысында қатысушыларға қарым-қатынас мәдениетін арттыру, отбасындағы үйлесімділік пен сенімді нығайту бағытында практикалық жаттығулар ұсынылды. Әрбір жұппен жеке жұмыс жүргізіліп, өмірлік маңызы бар психологиялық кеңестер берілді.

Тренинг соңында қатысушыларға ұлттық құндылықтың белгісі ретінде шағын киіз үй табысталды.

“Jas Otau” мектебі алдағы уақытта да жас отбасылар мен некеге тұруды жоспарлап жүрген жастарға арналған тренингтер, семинарлар және кеңес беру сессияларымен жалғасатын болады.

Айта кету керек, жоба облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, “Жаныңдамын” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатыр.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button