Жаңа бағдарламадан үміт мол
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде «Энергетика саласындағы әйел көшбасшылығы» ЕМВА бағдарламасы ашылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, Оңтүстік Африкадағы G-Global өкілдігінің басшысы, Т.Мандела қорының бас директоры Ндилека Мандела арнайы қатысты.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында аталған университет энергетика саласын дамытудың өзгермелі шындықтары мен тенденцияларын ескере отырып, білім беру бағдарламаларының сапасына ерекше көңіл бөлуде.
–Осы бағыттардың бірі – әйелдер әлеуетін дамыту және көшбасшы әйелдерді даярлаудың арнайы бағдарламаларын жасау. Университет елдегі гендерлік тепе-теңдікті қамтамасыз етуге үлес қоса отырып, Орталық Азияда және Қазақстанда бірінші болып «Энергетика саласындағы әйелдер көшбасшылығы» Executive MBA білім беру бағдарламасын ашты. Бағдарламаның миссиясы – Қазақстанның энергетика саласының маңызды әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуге қатысуға дайын табысты әйелдердің кәсіби қоғамдастығын қалыптастыру және дамыту, — дейді «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликова.
Executive MBA «Әйелдер энергетикалық көшбасшылық бағдарламасы» бизнес пен өмірде қалаған табысқа жету үшін тиімді стратегияларды әзірлеуге қабілетті кәсіби және табысты әйел менеджер мен іскер серіктестерді даярлауға бағытталған.
Шетелдік сарапшылар мен қонақтардың, саясаткерлердің, қоғам қайраткерлерінің жоғары деңгейдегі оқытушылар мен профессорлардың ағыны ретінде аймақтық университетке келуі, дарынды студенттердің қызығушылығына тиімді мультипликативті әсер етеді деген жоспар бар.
Шара әрі қарай панельдік сессиялармен жалғасты.
Рита Жайғали