Жарнама
Қоғам

ЖАҢА СУДЬЯЛАРДЫ ТАНЫСТЫРДЫ

 

ҚР Президентінің Жарлығымен Атырау қалалық сотының судьялары лауазымына Лаура Лұқпанова мен Саламат Ноғаев тағайындалып отыр. Облыстық сот баспасөз қызметінің берген хабарламасына қарағанда, Лаура Есмағомқызы еңбек жолын 2009 жылы Атырау қалалық сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы болып бастаған. Кейін Атырау облысының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотында қызмет жасапты. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Ал, Саламат Ноғаев Маңғыстау облысы  сот актілерін орындау департаментінің бөлім бастығы, ҚР Жоғарғы соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің сектор меңгерушісі лауазымдарында еңбек еткен.   

Қызметіне жаңадан тағайындалған судьялар өздеріне артылған міндетті абыроймен атқаратындарына сендірді.

Азамат  САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button