Жарнама
Қоғам

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ-2020»: БАҒДАРЛАМА ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛУДА?

Күн тәртібіндегі мәселеге орай алдымен хабарлама жасаған Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Жұмабай Қарағаевтың айтуынша, бағдарламаның бірінші-«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бағыты бойынша Жаңаталап селосында жалпы құны 27,4 млн.теңгені құрайтын фельдшерлік-амбулаторлық пункт пен Еркінқала селосынан жобалық-сметалық құны 47,5 млн.теңге тұратын жанұялық дәрігерлік емхана салу жоспарланған.
Жылыой ауданында инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуге бөлінген 37,0 млн.теңге қаражаттың 30,6 млн. теңгесі немесе 82,5 пайызы игерілмеген. Сол сияқты Майкөмген селосындағы жанұялық дәрігерлік емхана құрылысына қаралған 52,5 млн.теңгенің де 28,2 млн.теңгесі немесе 53,7 пайызы игерілген болып шықты. Келісім-шартқа сай келісілген 9 адам осы мезгілге дейін жұмысқа тартылмаған.
Атап айтқанда, бірінші тармақ бойынша бөлінген 75 млн. теңге түгелімен игерілсе, екіншісіне ешқандай қаражат салынбаған. Ал, соңғысының орындалысы 66, 7 пайызға (16 млн.теңгенің 10,6 млн.теңгесі) қамтамасыз етілген. Бұл жайында аудан әкімі Мақсым Ізбасовтың хабарламасында баян етілді.
Құрманғазы ауданында инфрақұрылымдарды жүргізуге тартылған 113 571 мың теңгенің жыл басынан бергі сегіз айда 30 мың теңгесі ғана игерілген. Әңгімесін осыдан бастаған аудан әкімі Амангелді Барақатовтың хабарлауынша, есепті мерзімде мұнда 192 жұмыс орны (оның 97-і жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен) ашылып, 23 адамның мал шаруашылығымен шұғылдануына 50 млн.теңге көлемінде шағын несие бағытталған. Мұның сыртында әлеуметтік жұмыс орындарын құру және «Жастар тәжірибесі» жобасы шеңберінде де ауқымды шаралар атқарылған.
Маңызды мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудан қызылқоғалықтардың тысқары қалмағандығы белгілі болды. Осы тұрғыда хабарлама жасаған аудан әкімінің міндетін атқарушы Бибоз Шаяхметовтың келтірген деректерінен бір мектепке дейінгі балалар мекемесінің (Жамбыл селолық округіндегі «Жауқазын» балабақшасы) күрделі жөнделуіне қаралған 32,9 млн.теңгенің толықтай игеріліп, 17 адамның жұмыспен қамтылғанын, Ойыл селосындағы «Өрімтал» балабақшасының да осындай жөндеуден өткізілуіне 27,2 млн.теңге қаржы жұмсалып, 14 адамның жұмысқа тартылғанын білдік.

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button