Қоғам
Жұмабек – жас чемпион
Жуырда Қызылорда облысы, Жаңақорған қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмет Шынайұлының атында белбеу күресінен жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтті.
Республикалық додада атыраулық балуан Жұмабек Жолдасқалиев 60 келі салмақта чемпион атанды. Енді еліміздің ең үздік спортшысы 5-7 желтоқсан күндері Ресейдегі әлем чемпионатында ел намысын қорғамақ. Тағы бір атыраулық Нұрсәт Құттыбай «+95» келіде күміс жүлдегер атанса, Диас Мақсотов 45 келіде қола иеленді.
Мұратбек ЖАҢАБАЙ