Үздік мақала авторлары анықталды
Бүгін Астана қаласының елорда мәртебесін иеленгеніне 20 жыл толды. Осы орайда облыстық «Прикаспийская коммуна» газеті оқырмандар арасында «Астана в сердце моем» атты байқауын ұйымдастырған еді. Байқау қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды.
Алдымен, құттықтау сөз алған «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Нұрлан Қабылов оқырмандардың қызығушылығын қалыптастыруда аталмыш байқаудың рөлі зор екенін айтып өтті. Ал, байқауды ұйымдастырушы облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаеваның айтуынша, ниет білдірген 13 оқырманның мақалалары өзіндік стилімен ерекшеленеді. Олардың әрқайсысы елордамыз — Астанаға деген мақтаныш және отаншылдық, сондай-ақ, тәуелсіздік идеяларын дамытуды мақсат тұтқан.
Сонымен, байқау нәтижесінде, 3 орынға Сәулеш Шайхиева, 2 орынға Нұрай Тілепбергенова, 1 орынға Думан Сатаевтың мақалалары лайық деп танылды. Жеңімпаздарға Алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табысталды.
Өз тілшіміз.