«ВАЛЮТАЛЫҚ ДӘЛІЗ» – ТЕҢГЕ БАҒАМЫНЫҢ БАРОМЕТРІ

Теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы әр жылы әртүрлі деңгейде сақталынып келеді. Осыған орай, соңғы кезде мемлекет тарапынан ұлттық валюта бағамының ауытқулар дәлізін өзгерту бағытында батыл шешімдер қабылдануда. Нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету – Атыраудағы Ұлттық банк бөлімшесінің де жіті бақылауында.

 

Отандық экономика мен елдегі инфляция үшін айырбастау бағамының маңызы өте жоғары. Сондықтан, қазір Ұлттық банктің валюталық саясаты жаңадан енгізілген «Валюталық дәліз» режіміне негізделіп отыр. Бұл өз кезегінде, бағамның күрт ауытқуларына жол бермейтін болады. Демек, теңге бағамы тек белгіленген валюталық дәліз шегінде ғана өзгеріп отырады деген сөз.

Мүмкіндігінше икемді, әрі қалыпты бағам белгілеу саясаты елімізде жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Айталық, теңгенің АҚШ долларына қатысты номиналдық айырбастау бағамы – өткен жылғы желтоқсан айынан бүгінге дейін 3,4%-ға ұлғайды. Инфляциялық үдерістер де айтарлықтай баяулады.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың маусым айында тұтыну бағалары 0,1%-ға төмендеді. Тұтастай алғанда, инфляция деңгейі жылдық көрсеткіш бойынша 3,9 пайызға түсті. Тиісінше, биылғы мамыр айында теңгенің Ресей рублі мен АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамдары  26% және 2,1%-ға төмендеді. Тұтастай алғанда, теңгенің тиімді айырбастау бағамы осы кезеңде 5,1%-ға азайды.

ҚР Ұлттық банкі теңгеніңАҚШдолларынақатыстыайырбастаубағамыныңауытқудәлізінағымдағы 185+3/-15 теңгеден 185+13/-15 теңгегедейінкеңейту туралы шешім қабылдады. Бұл – валюталық дәліздің белгіленген ең жоғары шегі болып табылады.

Ұлттық банк 2017 жылдан кешікпей, айырбастау бағамының еркін режіміне көшуді жоспарлап отыр. Бұл ұлттық экономиканың сыртқы бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыруға септігін тигізбек. Айырбастау бағамының өзгермелі режімі жергілікті қаржы ұйымдарының кредиттік белсенділігін ұлғайтуға алғышарт жасамақ.

ЭльмираҚАЛЫМОВА,

ҚР Ұлттық банкі Атырау филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің жетекші маманы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз