Жарнама
Қоғам

ҮШІНШІ СЕКТОР

Үкіметтік емес ұйымдар белсенділігін арттыру, азаматтық қоғамды дамыту, қозғаушы күш саналатын сала өкілдеріне қатысты өзге де маңызды мәселелер. Атырау облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі Кеңес отырысында осы және өзге де бірқатар маңызды тақырыптар талқыланды. 

Облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы, облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жөніндегі Кеңес төрағасының орынбасары Қанат Әзмұхановтың төрағалығымен өткен жиынға аталған кеңес мүшелері қатысып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. 

Күн тәртібінде денешынықтыру және спорт бағытын ілгерілетуде Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және Атырау қаласында тіркелген ұйымдардың дерекқор базасына өз есептерін тапсырмаған не толық тапсырмаған ұйымдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары туралы мәселелер қаралып, кейбір аудандардың азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс механизмдерін дамыту бағытында атқарған жұмыстары сарапқа салынды. 

Белсенділікпен қатысқан кеңес мүшелері тақырыптардың қай-қайсысына қатысты да ашық талқылау ұйымдастырып, бірлесе еңбек ету, нәтижелі жұмыс атқару тетіктері туралы ойларын ортаға салды. 

Кеңес қорытындысында жиын төрағасы Қанат Әзмұханов нақты тапсырмаларды атап, жұмысты жандандыру бағытындағы бастамаларға тоқталды. Мәселен, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалардың тақырыптарын қалыптастыру барысында аудандарды қамту, ұзақ мерзімді әлеуметтік маңызды жобаларды қалыптастыру, бір реттік іс-шараларды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын жобалардан алып тастау, нысаналы топтардың, халықтың қажеттіліктерін және өңірдің өзекті проблемаларын бағдарлай отырып мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жоспарлаудың мерзімдері айқындалды. Саланы жетілдірудің өзге де тетіктері қарастырылып, хаттама жасақталды. 

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button