Жарнама
Қоғам

Ұлт өнері – ұрпаққа ұлағат


Қазақ халқының бай мұрасы мен ұмыт бола бастаған салт-дәстүрін қайта жаңғырту мақсатында облыста ерекше жоба басталды. «Асыл мұра» деп аталатын бұл бастама «Қазақия» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және Теңізшевройл компаниясының қолдауымен жүзеге асып жатыр.​Жобаның басты мақсаты – жастар мен тұрғындардың арасында ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау, тарихи сана қалыптастыру, ата-баба мұрасына деген құрметті арттыру.

953299af cb90 4a70 a431 a12970520449

«Асыл мұра» жобасы 2025 жылдың сәуірінен 2026 жылдың ақпанына дейін жалғасады. Осы аралықта бірнеше бағытта шеберлік сабақтары мен мәдени шаралар өтеді. Жоба үш негізгі кезеңге бөлінген.
​– Алғашқы кезең – «Ұлы дала өнері». Бұл бөлімде қатысушылар киіз үй жасаудың қыр-сырын үйренеді. Атырау мен Құлсары қалаларында өткізілетін шеберлік сабақтарында толыққанды 8 қанатты киіз үй мен шағын демонстрациялық киіз үй тігіледі. Сонымен қатар, үйдің ішкі және сыртқы көрінісі де жасалып, безендіріледі. Келесі бағыт – «Дала мәдениеті». Бұл кезеңде оқушылар мен студенттерге арналған танымдық экскурсиялар ұйымдастырылады. Олар облыстың тарихи, сәулеттік және табиғи ескерткіштерін аралап, халқымыздың терең тарихымен танысады. Үшінші кезең – «Ұрпаққа аманат». Мұнда зейнет жасындағы және әлеуметтік жағынан осал топтағы әйелдер ұлттық өнер мен салт-дәстүр элементтерін үйренеді. Бұл шеберлік мектебінде дәстүрлі киімдер көрсетіліп, рәсімдердің мән-мағынасы түсіндіріледі, — деді «Қазақия» қоғамдық қорының директоры Жанар Әбіш.

adee4487 a59e 4a4c 88a2 28d67b08695c


Жоба аясындағы барлық шара жергілікті мәдениет мекемелерімен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып өткізіледі. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы кеңінен жарияланады.
​«Асыл мұра» – бұл тек қолөнер үйрету емес, ел тарихына, мәдениетіне деген құрметті оятатын, ұлттың болмысын бүгінгі ұрпаққа жеткізетін ерекше жоба.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button