
Үкіметтік емес ұйым өкілдері марапатталды
Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне арналған Атырау қаласында өткен салтанатты шараға 80-ге жуық ҮЕҰ өкілі қатысты. Алдымен облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлі мен маңызына ерекше тоқталды. Өз сөзінде еліміздің дамуына үлес қосып жүрген үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жоғары бағалады. Ол үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік мәселелерді шешуде, халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, маңызды бастамалар көтеруде үлкен роль атқаратындығын атап өтті.

–Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамда ықпалды күшке айналуы, азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған жобалардың іске асуы біздің мемлекетіміздің демократиялық даму жолында маңызды қадам болып табылады, — деді Д.Шамұратов.
Сонымен қатар шарада түрлі үкіметтік емес ұйымның бірқатар әлеуметтік жобаны жүзеге асырудағы жетістіктері бейнеролик арқылы көрсетілді.

Атаулы күні облыс әкімінің орынбасары бірқатар үкіметтік емес ұйым өкілдеріне Алғыс хаттар мен марапаттар табыстап, оларға алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Бұл іс-шара облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға және қоғамдағы мәселелерге назар аударуға бағытталған маңызды қадам болды.
Рита ӨТЕУҒАЛИ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ