Уақыт белдеуіне бейімделу керек
Қазір қоғамдық орындар мен белгілі бір уақытта жүретін қоғамдық көліктердің кестесін қайта қарау арқылы жаңа уақыт белдеуіне үйретуді қарастырды. Атырау облысындағы бұрыннан қалыптасқан уақыт белдеуіне біз де үйрендік. Әлбетте мұның барлығы жұмысты жеңілдетіп, бірыңғай энергожүйесі жұмысының тиянақтылығын қаматамасыз ету үшін жасалатындығы түсінікті. Менің қызметім теміржол саласында болғандықтан мұндағы жұмыс уақытпен тікелей байланысты. Сондықтан біздегі уақыт белдеуі біз үшін тиімді болып қала бермек.
Уақыт белдеуінің ауысуы кезінде жолаушылар пойыздарының кестесі де басшылықтың ұйғарымымен біржақты бекітілді. Қазіргі уақытта жолаушылар пойыздары жергілікті уақытпен жүреді. Халық та осы кесте уақыттарына үйренді, ешқандай кедергі жоқ. Бұрынғыдай сағат айырмашылығына қарап есептеп отырмайды. Ең бастысы алдағы жаңа жылды тұтас ел болып бір уақытта қарсы алғалы тұрмыз.
Маңызды мәселе –тұрақтылықты сақтау, осы уақытқа бейімделу. Желтоқсан айының 20-25-інен бастап күн ұзарып бастады. Уақыт белдеуін теңестіру кезінде 60 адамнан тұратын арнайы жұмыс тобы жан-жақты зерттеу жүргізген. Жергілікті тұрғындардың ғана емес, мемлекеттік орган өкілдері, ғалымдар мен сарапшылардың пікірі ескерілген.
Атырау облысы бойынша уақыт белдеуі жергілікті тұрғындар үшін қолайлы деп білемін. Өйткені, кез келген ата-ана балаларын мектепке немесе балабақшаға дер кезінде апарып, әрі қарай қызмет орнына жетіп те үлгереді. Қазақстанның батыс облыстары үшін тұтастай алғанда бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мүлдем кері әсер еткен жоқ. Тұтастай алғанда, Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне көшу – өмір сүру сапасын жақсартуға және ұлттық деңгейде жоспарлауды жеңілдетуге жасалған маңызды қадам деп білемін.
Мұрат ІЗМҰҚАНОВ,
«Қазақстан темір жолы» АҚ-ы, «Атырау магистралдық желі бөлімшесі» филиалы, вокзал шаруашылығы бөлімінің жетекші инженері.