Жарнама
Қоғам

ҚУАН, СӘБИ!

Мерекелік кештің көрігін қыздырып, алқызыл түсті көйлек киіп, гүлдер биін билеген бір топ бүлдіршіндердің қойылымынан соң, интернат директоры Сәния Мусеева сөз алып, ұлық мейрам қарсаңында қамкөңіл балалардың жанын жадыратар сыйлық жасаған қонақтарға ақжарма алғысын жеткізді.
Келесі кезекте облыс әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы балаларды Наурыз мерекесімен құттықтап, бақытты балалық шақ тіледі, бүлдіршіндерді жақсы оқып, үлгілі тәртібімен көзге түсуге шақырды. — «Айналайын, балалар! Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесі құтты болсын! Жыл санап бұл мерекенің мәртебесі артып келеді. Бүгінгідей көктемнің керемет шуақты күнінде өздеріңізді құттықтау үшін арнайы келіп отырмыз» деген облыс басшысы интернатқа жеті шаңсорғыш пен су деспансерін сыйға тартты.
Сонымен қатар, интернат басшысы Сәния Төлегенқызының «интернатымызға бір автобус қажет еді» деген тілегіне сай, бұл мәселенің де таяу уақытта оңтайлы шешімін тауып, жаз айларында автобус алып беретіндігін айтып, барша жиналғандарды қуантты.
Бұдан соң, интернат тәрбиеленушілері де Наурыз мерекесіне орай өз лебіздерін арнап, сый-тартуларын ұсынды. «Қуыс үйден құр шықпа» деген қазақы ырымға сай, қонақтарға ақ ұсынып, бауырсақтан дәм татырды. Ұлық мейрам қарсаңындағы қуанышты басқосудың соңы мерекелік қойылымдарға ұласты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button