Тұрғындар өтініші – басты назарда
Атырау облысы бойынша 2022 жылдың қаңтар-мамыр айлары бойынша
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және облыс басшылығының жеке қабылдау қорытындылары туралы мәлімет ұсынамыз.
2021 жылғы 1 шілдеден бастап өтініштерді тіркеу және олармен жұмыс Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес «Е-өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жаңа форматта жүргізілетіні белгілі.
2022 жылдың қаңтар-мамыр айында Атырау облысы бойынша 9987 өтініш келіп түсті. Оның ішінде, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғындар саны – 1343.
Өтініштерде көтерілген мәселелері: ауыл шаруашылығы – 5217, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер – 2276, жұмыспен қамту – 660, адам құқықтары – 588, білім – 339, денсаулық – 161, қаржы мәселелері – 266, көші-қон мәселелері – 214, басқа да мәселелер бойынша – 266.
Есепті кезеңде облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдермен 194 қабылдау ұйымдастырылып, 1019 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 430 азаматқа заңға сәйкес түсінік беріліп және 73 азаматтың мәселесі оң шешімін тауып, 516 азаматтардың мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Облыс әкімдігі басшылығымен барлығы 232 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 144 азаматқа облыс әкімінің жеке қабылдауы ұйымдастырылды. Қабылдау нәтижесімен 5 азаматтың мәселелері оң шешіліп, 25 азаматқа қабылдау кезінде заңға сәйкес түсінік беріліп, 114 азаматтардың мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің фронт-кеңсесі арқылы 710 азамат өтініш білдірді. Олардың: тұрғын үй – 203, денсаулық – 86, әлеуметтік көмек – 39, білім – 23, жұмыспен қамту — 51, жерді пайдалану — 44, жол салу – 14, кәсіпкерлік – 27, құрылыс – 7, мәдениет – 7, ауыл шаруашылығы – 14, қаржы — 3, тағы да басқа мәселелер бойынша – 174. Барлығына заң шеңберінде түсініктер берілді.
Фронт-кеңсеге келген азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыру мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жасақталған меморандум аясында заңгерлік консультациялар мен психологиялық, медиаторлық көмектер көрсетілуде.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы әрі уақытылы қарау жергілікті атқарушы органдардағы басым бағыттардың бірі болып табылады.