Тұрақтылықтың берік іргетасы
Елде тыныштық, бірлік барда ғана мемлекет дамиды, гүлденеді. Бұл – қалтқысыз қағида. Елдің ынтымағын сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктелер жауапкершілік жоғары. Осы орайда Атырау облысы ішкі саясат басқармасының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мәншүк Мәменовамен әңгімелесіп, көкейдегі көп сауалға жауап алған едік.
– Мəншүк Ермекқызы, алдымен өңірдегі этносаралық ахуалға тоқтала кетсеңіз?
– Облыста этносаралық қатынастар саласындағы ахуал тұрақты, өңірде этностар жинақы тұратын елді мекендер жоқ. Сол себепті де моноэтностық аймақ болып есептеледі. Өңірде 18 этномəдени бірлестік жұмыс жасайды. Жалпы, этномəдени бірлестіктердің қызметі саясиландырылмаған. Барлық бірлестіктің жетекшілері Президенттің мемлекеттік саясатын жан-жақты қолдайды, өңірдің қоғамдық-саяси, əлеуметтік — экономикалық жəне мəдени дамуына белсенді атсалысады.
Бүгінде облыс Ассамблеясының жанынан Ақсақалдар, Аналар кеңестері, журналистер клубы, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігі , ғылыми-сараптамалық тобы, медиация кабинеті, кəсіпкерлер қауымдастығы белсенді жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Яғни, мəдени-бұқаралық іс-шаралардан ағартушылық қызметке жəне этносаралық коммуникацияларды дамытуға бағытталып келеді. Атырау облысы бойынша этнос аралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз етуді облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
– Бүгінде елімізде түрлі ұлт өкілдері бар, олар ана тілін үйренуге, баспасөзге, бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік алды. Өздерінің салт-дəстүрі мен əдетғұрпын сақтай отырып, ұлттық мерекелерін еркін тойлай алады. Ал, мемлекетіміздің нығаюына олар қандай үлес қосып жатыр?
– Қазақ халқының тарихын, дəстүрін, қолөнерін, тілі мен мəдениетін таныстыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақтану» мəдениағартушылық жобасын бастап, аталған жоба бойынша облыстық этномəдени бірлестіктердің қатысуымен «Бірлік-Единство» этнофестивальдарын өткізуде. «Иверия» грузин, «Светоч» славян, «Татулык» татарбашқұрт, «Довира» украин, «Тхониль» кəріс, «Былина» орыс, «Видергебурт» неміс, «Каспий» дағыстан, «Новруз» əзербайжан, «Ынтымақ» өзбек, «Пəрвəз» ұйғыр жəне «Вайнах» шешен-ингуш этномəдени бірлестіктерінің, орыс, славян жəне казактар бірлестігі қауымдастығы филиалы өкілдерінің қатысуымен қазақтың ұлттық мəдениетін таныстырумен қатар, қазіргі жаһанданған əлем жағдайында ұмыт болған қазақтың ұлттық дəстүрлерін көрсету шаралары өткізілді. Мемлекеттік тілді оқыту кезінде заманауи білім беру технологиялары, жаңа əдістемелік құралдар қолданылуда.
Сонымен қатар, «Былина» орыс этномəдени бірлестігінің төрағасы А.Кораблевтің бастамасымен өңірдегі 6-67 жас аралығындағы этнос өкілдеріне мемлекеттік тілді тегін оқыту курсы ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта «Вайнах» шешенингуш этномəдени бірлестігінің жаңа тағайындалған төрағасы Н.Тикаевтың қолдауымен мемлекеттік тілді үйрету курсын ашу жоспарланған. Облысымыздың дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген, мемлекеттік тілді еркін меңгерген əзербайжан, өзбек, неміс, грузин, орыс, украин этнос өкілдері қазақ тілін жеңіл үйрену жолдарымен бөлісіп, мақал-мəтелдер, ұлағатты сөздерден құралған бейнеролик дайындалды. Облысты этномəдени бірлестіктері төрағаларының, Қоғамдық келісім, Аналар кеңестері, қоғамдық пікір көшбасшыларынан құралған ақпараттық-түсіндіру топтары қала жəне аудандық, ауылдық деңгейлерде этносаралық қатынастарды нығайтудың тетіктерін түсіндіру, этносаралық қатынастар саласынд ғы қоғамдық пікір, жақсы көңілкүй қалыптастыру, қазақстандық қоғамда азаматтардың толерантты санасын, бейбітшілік пен келісім мəдениетін қалыптастыру мақсатында кездесулер өткізді.
– Қазір қоғамда Ассамблеяға этностардың мүддесін қорғайтын ұйым ретінде қарайтындар жоқ емес. Бұл жөнінде не айтар едіңіз?
– Ассамблея тек этникалық топтар үшін қызмет істейді деген қате түсінік. Ассамблеяның барлық жұмысы қазақтар мемлекет құраушы субъект, полиэтносты халықтың тарихи, мəдени-рухани өзегі екендігіне негізделеді. Бұл ретте Ассамблея этностарды қазақ халқының айналасында біріктіру саясатын жүргізеді. Бірлік, ең алдымен, өз мемлекетін құрып, барлығын өз жерінде біріктіретін қазақ халқы үшін қажет. Тəуелсіздік таңында беделді халықаралық сарапшылар Қазақстанды этникалық жəне діни қақтығыстарға байланысты ыдырайды деп болжамдағаны көпшіліктің есінде. Збигнев Бжезинский өзінің «Ұлы шахмат тақтасы» кітабында Қазақстанды этноконфессиялық негізде бөліну ықтималдығы жоғары елдер – «Еуразиялық Балқан» қатарына қосты. Бірақ, бұл пессимистік болжамдар орындалмады. Бұл рөлді Ассамблея өз мойнына алып, еліміздің барлық этносын қазақтардың айналасына жинап, абыроймен атқарды. Ассамблея полиэтникалық халықтың интеграциялық өзегіне айналды. Құрылым бүкіл Қазақстан халқының мүдделерін білдіреді жəне қорғайды.
– Жасыратыны жоқ , Ассамблеяны түрлі ұлт өкілдерінің мерекелерін ұйымдастыратын ұйым деп айтылып жүр. Сіздің ойыңызша, біздегі бірлік туралы ұғым бір күндік шарамен шектеліп жүрген жоқ па?
– Егер сізден шетелде қазақтар кім, олардың ерекшелігі неде деп сұраса, сіз бірінші кезекте домбыраны қолыңызға алып, шаңырағы бар киіз үйді тігіп, киіз төсеп, қазанды ортасына қойып, дастарханға ас табағын тартып, алдарына «бұл – қазақтың еті» деп қоясыз. Солай ма? Бұл біздің қасиетті дүниеміз – жəне ол кез-келген халықта бар. Сондықтан, дəстүрлі мəдениетті сақтау жəне дамыту – Қазақстан этностарымен жұмыстағы маңызды бағыттарының бірі. Дегенмен, ҚХА барлық этносты Қазақстанның біртұтас халқына біріктірумен айналысады – қазақстандық бірегейлікті, қазақстандық патриотизмді, жалпыазаматтық құндылықтарды қалыптастырады жəне мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде ілгерілетеді.
– Ел арасында аталған ұйымды қаржыландыруға да қыруар қаржы жұмсалады деген пікірлер бар. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады?
– Ассамблея – этномəдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардан тұраты қоғамдық институт. Оның құрамына кіретін этномəдени бірлестіктердің қызметіне бюджеттен қаржы бөлінбейді. ҚХА құрамына кіретін түрлі қоғамдық құрылымдар (аналар, ақсақалдар, медиация кеңестері, қоғамдық медиаторлар жəне т.б.), сондай-ақ этномəдени бірлестіктер мемлекет тарапынан қаржыландырылмайды. Олардың барлығы қызметті коммерциялық емес негізде, қоғамдық бастамамен, демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырады. ҚХА əлеуметтік маңызы бар жобаларды жүргізеді, қайырымдылықпен, волонтерлікпен, этносаралық негіздегі жан жалдардың алдын алумен, медиациямен, өскелең ұрпақты тəрбиелеумен айналысады, қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
– Достық үйі жанынан ашылған «Медиация кабинеті» келелі жобалардың бірі болған секілді… Этностардың арасында медиаторлардың көмегіне жүгінетіндей оқиғалар жиі кездесе ме?
– Біздің өңірде мұндай проблема жоқ. Этносаралық жəне құқықтық жанжалдарды шешуге Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация кабинетінің қызметі бағытталған. Осы жылдың бірінші тоқсанында республикалық акция аясында «Ашық есік күні» өтті. «Медиация» кабинеті «Мектеп медиациясын» дамыту мақсатында мектептерде шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Оған 200-ден астам адам қатысты
Сонымен қатар, жуырда ғана «Этносаралық қатынастардағы дауларды реттеуде медиация тəсілін қолдану ерекшеліктері» тақырыбында үшкүндік семинартренинг өткен болатын. Арнайы осы шараны өткізу үшін республикадан шақыртылған «Парасат» медиация жəне құқық орталығының сарапшыжаттықтырушысы, кəсiби медиатор, конфликтолог Бақыт Амангелді қатысушыларға этносаралық жанжалдарды шешудегі оңтайлы тəсілдерді үйретіп, дауласқан тараптарды бітімге келтіріп, жанжалды шешудің тиімді жолдарын табуды түсіндірді. Ал, медиатор-тренер,«Республикалық медиаторлар қауымдастығының» президенті Н.Оразқұлованың қатысуымен «Медиацияның жанжалдарды шешу əдісі ретінде қолдану» тақырыбын арқау еткен төрт күндік шеберлік сабағына жеті ауданнан 21 қоғамдық медиатор, облыстағы 50 мектептің 300-ден астам өкіл қатысты.
Кеше ғана Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне және ел бірлігін нығайту мен Қазақстанның рухани құндылықтарын шоғырландыруға бағытталған әлеуметтік, мәдени және ақпараттық жобаларды іске асыруға белсенді қатысқаны үшін Атырау облысы ішкі саясат басқармасының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мәншүк Мәменова ҚХА-ның «Алғыс» төсбелгісімен марапатталды. Айта кетелік, Астана қаласында « ділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы өткен болатын. Екі күнге созылған шарада идеологиялық және практикалық сипаттағы бірқатар маңызды мәселе көтерілді.
Сұхбаттасқан Рита ӨТЕУҒАЛИ