Жарнама
Қоғам

Тосыннан келген мамандық

Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты №5 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінде 27 жастағы Тілекші Қарабалина есімді логопед жұмыс істейді. Әр күн сайын ол аудандағы сөйлеу қабілеті, дамуы жағынан кешеуілдеген ерекше диагонозы бар балаларға ем-дом әдістерін жүргізеді. Қызығы, осы бір қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандық иесі болу оның үш ұйықтаса да түсіне кірмеген екен.

818fa547 f317 4034 8d09 e3ad59dceefa

Бала арман

Сол күні мектеп ауласы күндегіден ерекше еді. Әртүрлі түсті шар мен гүлдермен безендірілген салтанат қақпасы, бір-бірін қуып, ойнап жүрген бастауыш сынып оқушылары, ақ бантик пен фартугын қайта-қайта түзеп жүрген болашақ түлектер… Соңғы қоңырау күніндегі осы бір бақытты сәттер Тілекші Қарабалинаның жадында өшпестей жатталып қалғанСол күні мектеп бітіруші түлектердің ата-анасы өз ұл-қыздарының қуанышын көруге мәре-сәре боп жиналып, түлектер ән айтып, би билеп, өз ұстаздарына деген алғыстарын білдірді. Бұл осыдан 10 жыл бұрын Тілекші Жанболатқызының М.Әуезов атындағы жалпы орта  мектебін тәмамдап, соңғы қоңырау үнін естіген кезі еді.
-Дәл сол күні бәріміз арманымызды ішімізден тілеп, әуеге шар ұшырдық. Бәріміздің арманымыз бір болатын. Ол Ұлттық бірыңғай тестілеуді жоғары ұпайға тапсырып, грантқа оқуға түсу,- дейді ол.

«Армандаған университетіме барып тұрып, құжат тапсырмадым»

Соңғы қоңырау салтанатты жиыны, мектеп бітіру кеші секілді ауқымды жиындардан соң, мектеп түлектерін Ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұрды. Қаншама оқушы жыл бойы дайындалатын, ата-аналары да әуре-сарсаңға түсіп, уайымдайтын ҰБТ-дан Тілекші Қарабалина 94 балл жинаған. «Дәрігер болуды қатты армандадым» деген олҰБТ-ның қиынға соқпағанын айтады. «Кішкентай кезімнендәрігер болуды армандадым. Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетіне грантқа түскім келді. Сол үшін биология пәнін сүйіп оқыдым. Таңдау пәнім биология болғандықтан қатты қиын болмады»,-дейді ол.

02e884e7 1426 4d05 92ce 4c2733cc9c4d

Бала кезгі арманын жүзеге асыру үшін ол тестілеуден соң, арман қаласына жол тартқан. Алайда осы уақытқа дейін жинаған жетістіктері мен ҰБТ нәтижесін арқалап апарған Тілекші Жанболатқызы армандап, мақсат еткен университетіне барып тұрса да құжаттарын өткізбеген екен. Оның себебін былай деп түсіндірді.
— М.Оспанов атындағы медициналық университетке ауылымнан пойызбен ұзақ жол жүріп жеттім. Бірақ, құжаттарымды тапсырарда жүрегім дауаламай, біртүрлі сезімде болдым. Бәлкім, әлі де ойлана тұрармын, мүмкін бұл медицинаға емес, мүлдем басқа мамандыққатапсырып көрермін деп ойладым. Содан Атырауға келіп, Х.Досмұхамедов атындағы университетке барып, сондағы бар мамандықтар тізімі жазылған парақты қолыма алып, ойлану үшін үйіме қайттым,- дейді. 

Теледидарда сұхбат берген ата

Осылайша армандаған университетіне құжат тапсырмай, Тілекші Қарабалина үйіне қайтып келді. Алайда, жоғары оқу орындарына құжат тапсырудың мерзімі де аяқталуға жақындап келеді. Тілекші Қарабалинаның қатарластары да Астана, Алматы, Орал секілді қалаларға үміттерін арқалап, жол тартқан. Тілекшінің әлі де “не істеймін?, “енді қандай мамандық иесі боламын?” деп бас қатырып жүрген сәттері еді. Осындай күндердің бірінде ерекше жағдай болған екен.

— Жексенбі күні. Үйде өзім үй жинап жүрген кезім. Үлкен бөлмеде теледидар қосылып тұр. Барып, теледидардың даусын шығардым да ісімді жалғастыра бердім. Қарасам, бір телеарнаның жаңалықтарында бір ата журналистерге сұхбат беріп жатыр екен. Сұхбатында ол Атырау облысында дефектолог, логопед мамандары тапшы екендігін айтып жатты. Бұны бекер емес, Құдайдың маған берген бір белгісі шығар деп ойладым. Бірден алдыңғы жолы университеттен алған мамандықтар тізімі бар парақты алып, логопед мамандығын іздей бастадым. Тізімнен логопед мамандығы оқытылатынын көріп, қуанып кеттім. Бірден осы Х.Досмұхамедов универитетіне, дәл осы мамандыққа тапсырамын деп ұйғардым,- дейді ол. 

Қай телеарна, қандай бағдарламаға сұхбат беріп жатқанын аңғармаса да, атаның сол кездегі түр-келбеті әлі көз алдында екен.

Сауабы мол жұмыс

Жексенбіде болған оқиғадан кейін Тілекші Жанболатқызы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы университетке “логопед” мамандығына оқуға тапсырған. Осыдан 10 жыл бұрын Қазақстанда дефектолог, логопед сынды мамандықтар енді-енді оқытылып, дамып келе жатқандықтан көпшілігінің әсіресе аудан, ауылда тұратын тұрғындардың хабары бола бермейтін. Болашақ логопед те осы мамандықты жөнді білмесе де, ақылы бөлімге тапсырып, тәуекел етіп, сол саланың білікті маманы болуға бекініпті. — Иә, мамандықты түсінбей таңдасам да, оқу барысында мамандыққа деген махаббатым арта бастады. Өйткені, бұл мамандық жай мамандық емес, сауабы сол мамандық екенін түсіндім. Ақылы оқуға түскеніме еш өкінген емеспін. Себебі, білімге құйылған ақша ешқашан зая кетпейтінін бұрыннан білетінмін,- дейді жас маман.

Қазіргі таңда Қазақстанда логопед мамандарына деген сұраныс жоғары. Жылдан-жылға осы бір маман иелеріне жүгінетін ата-аналардың да саны артып жатыр. Балалардың сөйлеуінің кешеуілдетуін логопед былай деп пайымдайды: -Жалпы ананың денсаулығына немқұрайлы қарауы, экологияның нашарлығы, тамақтардың құнарсыздығы, одан қала берді гаджеттердің әсерінен елімізде сөйлеу тілі кешеуілдеген балалар саны да күрт артып жатыр. Біздер яғни логопед мамандары осылай сөйлеуі кеш дамыған балаларды сөйлетуге, сөйлем құрастыруға, жалпы айтқанда анық сөйлетуге жұмыстанамыз. Маған көбінесе диагноздарына қарай, 3 жас пен 6 жас аралығындағы балалар келеді,- дейді.

«Шәкірттерім – туған баламдай»

Жас маман қазір тұрмыста. Үш қызы бар. Құрманғазы ауданына қарасты №5 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінде жұмыс істеп жүрген логопед алдына келген әр бала үшін үнемі дұғада болатынын айтады. Тіпті ол балаларға деген махаббаты соншалық, ойыншықтар дүкеніне барғанда қыздарына емес, жұмыстағы балаларына ойыншық алуға тырысады екен. — Өзім ана болғандықтан, ойыншық дүкендеріне жиі барып тұрамын. Бірақ ойыншық аларда қыздарымды емес, бірден жұмыс істеп жатқан балаларымды ойлаймын. Олар қызығу үшін қандай ойыншық алам деп бас қатырамын. Олар бала ғой. Тез жалығады бір ойыншықтан,- дейді логопед маман.

Тілекші Қарабалинаның алдына күніне неше түрлі балалар келеді. Олардың диагноздары да, жастары да, мінездері мен даму деңгейлері де әртүрлі. Бірде 5 жасараутизм диагнозы қойылған баламен жұмыс істеу барысындабаланың болашағын уайымдап, дұға еткен екен. Көп уақытөтпей, маманның дұғасы да жауапсыз қалмаған тәрізді. -Жалпы аутизм диагнозы қойылған балалар нәтиже көрсетуүшін ұзақ уақыт керек. Уақытты, шыдамдылықты талапетеді. Бір күні үнемі келіп жүрген  аутизм диагнозы қойылған балаға лого массаж жасадым. Массаж жасапболған соң, ол бала үнемі менің жанымда ұйықтағандыжақсы көретін. Ұйықтаған кезде, мен жанында отырып, “Иә, Құдайым, осы бала  сөйлеп кетсе екен, жақсы боп кетсеекен” деп тіледім. Бірақ, бұл бала жақсару үшін әлі жылдаркерек екенін іштей сезетінмін. Біраз уақыт өткен соң, отбасылық жағдайға байланысты ол бала менің алдымакелмей кетті. Кейін 1 жылдан соң алдыма келіп, 1 жылішінде жақсарып, балада оң өзгерістер болғанын байқадым.  Көзіме еріксіз жас келді. Сол кезде Құдайға іштейрақметімді айтып, жүрегіммен дұғамның орындалғанынасендім. 

«Мамандық мені таңдаған секілді»

Қазір де қаншама ата-ананың үміт отын оятып, ерекше балалардың дамуына өз септігін тигізіп жүрген Тілекші Жанболатқызына қоғамға осылай пайда тигізіп жатқаны ерекше сезім сыйлайды екен.

Кезінде теледидардағы сұхбат берген кісінің сөзі әсер етпесе қазір басқа маман болар ма еді?! Кім біледі?! «Бұл өмірде бәрі ештеңе жайдан-жай болмайды» деген ұстанымды ұстанатын маман ешбір іске өкінбейтінін айтады. — Бұл мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Керісінше, осы мамандықты таңдағаныма Аллаға шүкір,  рақметімді айтамын. Мен мамандықты емес, мамандық өзі мені таңдаған секілді. Өмірде өзімді мамандық таңдаудан да,  жар таңдаудан да қателеспеген адамдарың қатарынанмын деп санаймын,- деп өз сөзін қорытындылады.

Мәдина ЖЕДЕЛБАЕВА,

С.Демирел атындағы университеттің “Журналистика” мамандығының IV курс студенті 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button