ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУҒА – ЖАҢАША ӘДІСТЕР

Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының ұйымдастыруымен «Тілдерді оқытуда  жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. 

 

Семинарды орталық директорыБаязи Әбдешев жүргізіп, «Атырау облысындағы тілдік ахуал, мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдарда қолданысы» тақырыбында облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы міндетін атқарушы Ғабдібек Хабиров хабарлама жасады. Орталықтың әдіскерлері Ләззат Есеналиева, Зоя Мәменова, біліктілік арттыру бөлімінің меңгерушісі, қазақ тілі пәнінің оқытушысы  Лаура Ғазизова дәріс оқыды. 

-Бүгінгі қоғам талабы тілге қажеттіліктің артуын, оның қоғамдық аясының кеңеюін, оқытудың жаңа әдістемелерін, технологияларын қолдануды қажет етеді. Қазіргі таңда білім беру жүйесін технологияландыру – қоғамның жаңа талаптарының бірі. Қазақстанның білім беру жүйесі өзге өркениетті елдердің білім саласындағы деңгейіне тең келуі жолында   өңірлік орталық оқытушылары жаңа инновациялық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып  тілдерді оқытуда.

А.ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз