Жарнама
Қоғам

Тіл мәртебесін арттыру үшін жүйелі қадамдар керек

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында көпмәдениетті ортаны дамытып, барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жүйелі қадамдар жасалуы қажеттігін баса айтты.

Мені мазалайтыны, жастардың тілі кірме сөздерді, көбіне көп орыс тілінен енген жаргон сөздерді ауызекі тілде көп қолданудың нәтижесінде шұбарланып кетті деуге әбден болады. Оның бірден-бір дәлелі ретінде WhatsApp желісінде жиі қолданылатын «нестватсың?», «инет» (ғаламтор), сущняк (сусын), прв ( привет) деген сияқты көптеген жаргон сөздерді айтуға болады.

Менің ойымша, бұл сөздер тілдің шұбарлануы ғана емес, болашақ жастардың тіл байлығының да жұтаңдануынан хабардар етеді деп есептеймін. Тіл ғылымында бейәдеби сөздерге жататын осындай «паразит» сөздер мен қалыпты сөзден ауытқыған мұндай сленгтерді жиі қолдануға өз басым қарсымын. Мұндай сөздер жастар арасында 50 пайыздық көрсеткіштен жоғары қолдану белең алып, бірте-бірте әдеби сөздерімізді қолданыстан шығару қаупі бар деп білемін.

Гаухар ЖАЛМҰҚАШЕВА,
Қ.Есқалиев атындағы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Индер ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button