Теңізшевройл: «Қоғамдық кеңістік» жобасы (+ФОТО)

aizh85861 Қоғам

Аула  көркі – ойын алаңы

Қала орталығындағы Әуезов көшесіндегі көпқатарлы 52 «г» үйдің ауласы қайта түлеп, әсем де көңілді алаңқайға айналып шыға келген. Ауладағы балалар сырғанайтын төбешік (горка), түрлі әткеншектер, ашық түсті шағын үйшіктер әсемдігімен көз қуантады. Жұмыс барысында тұрғындардың ойын құрал-жабдықтарының сапасына аса мән бергені көрініп  тұр.

Тіпті, белсенді тұрғындар ауланы абаттандыруға өз идеяларын да қосыпты.  Тұрғындардың белсенділігі  мен ұқыптылығына жоба тобының мүшелері де таңданыс білдіруде. Иә,аталған нысан   «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен «Орталық Азияның Еуразия Қоры» «Қоғамдық кеңістік» жобасы шеңберінде жүзеге асты.

Аула тұрғындары  жобаны қолдаушыларға бір ауыздан ризашылықтарын білдірді. Олар енді өз балаларының  дамуына септігін тигізетін қажетті құралдармен жабдықталған ойын алаңында алаңсыз ойнайтынына мәз. 

Жобаға қатысу үшін тұрғындармен бірге нақты жоспар әзірледік. Содан кейін жоба менеджерлері барлық белсенділер үшін семинар-тренинг өткізді. Біз онда жиналысты қалай өткізуді, адамдарға қалай түсіндіріп, қалай ынталандыру керектігін үйрендік. Әр тұрғын қолынан келген көмегін жасады. Ең бастысы, алаңды абаттандыруға бізбен бірге балаларымыз да үлестерін қосты. Әрқайсысы құлшыныспен жұмыс жасады.Бірлескен еңбек барлығымызды біріктірді. Жоба адамдардың бұрынғы тату-тәтті көршілік дәстүрлерін сағынғанын және соларды жаңғырту үшін еңбек етуге дайын екендіктеріндәлелдеді, – деді Әуезов көшісі, 52 «г»үйдің бастамашыл тобының белсендісі Денис Власов.

Айта кетейік, осы ойын алаңы 3,5 млн. теңгеге қаржыландырылған.  Алғашқы жобалары сәтті аяқталып, мол тәжірибе жинақтаған бастамашыл топ «Қоғамдық кеңістікке»  келесі жылы да қатысуды жоспарлап отыр. Олар енді  ойын алаңына резеңке төсеніш төсеу, бұқаралық спортты дамытуға арналған воркаут алаңдарын жасақтау сияқты жұмыстарды өз жоспарларына  енгізбек.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің өкілі Рзабек Артығалиев тұрғындардың игілігіне берілгелі тұрған жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, алқызыл лентасын қиды.

Бүгін – сіз бен біз үшін үлкен мереке! Балаларыңызға арналған ойын алаңын бір жарым айда аяқтап тұрсыздар. Бәлкім, бұл – бәз біреулер үшін болмашы жетістік болып көрінуі мүмкін…  Шынында да бұл үлкен жетістік, үлкен мереке! Сіздердің бірліктеріңізді, азаматтық жауапкершілік пен күш-жігеріңіздің нәтижесін көрсететін мереке! Бүгін біз Атыраудың әрбір тұрғыны өз балаларына, өз үйіне, қаласына пайдасын тигізе алатынын көріп тұрмыз. Енді сіздер өз қолдарыңызбен айналаңыздағы әлемді өзгерте алатындарыңызды білесіздер, ал «Теңізшевройл» сіздердің жақсы бастамаларыңызды қолдауға дайын. Ауланы жақсартудан басталған игі іс  өз қалаңызды жайнатып, гүлдендіруге бастағай!   Жарқын істеріңізге тек сәттілік серік болсын, – деді ол.

Тұрғындар балалар игілігіне  арналған жобаны іске асыру аясында қатысушыларға қолдау көрсетіп, мақсатты істің ойдағыдай орындалуына атсалысқан «Қоғамдық кеңістік» жобасының өкілдеріне де ризашылықтарын білдірді.

«Қоғамдық кеңістік» жобасының  ерекшелігі – жобаға қатысушы  тұрғындардың өздері өтініш жазып, конкурсқа гранттар ұсынуында. Грантты алғаннан кейін тұрғындар бастамашыл топпен бірлесіп, өзекті мәселелерді өз бетінше шешті.  Бастысы жоба идеясын қарқынды түрде қолға алуға әкімдік өкілдері де қолдау көрсетті, – деген «Қоғамдық кеңістік» жобасының менеджері Алма Шолпанқұлова мұндай бірлескен істің алда да жалғасатынына  сенім  берді.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА.

Былтыр Жылыой ауданында «Қоғамдық кеңістік» жобасы аясында 38 шағын жоба жүзеге асырылды.  Жоба шеңберінде ойын, жаттығу, алаңдары, көшені жарықтандыру, саябақтар, аллеялар және т.б.іске қосылды. Биыл аталған жоба Атырауда алғаш рет қолға алынды. Жыл соңына дейін халық игілігіне жалпы құны 100 млн. теңгеден асатын нысандар пайдалануға беріледі. Оның 18-і ойын, 5спорт,3-і футбол алаңы және 2 саябақ.  

aizh84131
aizh84291
aizh84371
aizh84401
aizh84691
aizh84761
aizh84811
aizh84901
aizh85151
aizh85381
aizh85481
aizh85591
aizh85601
aizh85651
aizh85861
aizh85991
aizh86271

#тенгизшевройл

#теңізшевройл

#общественные пространства

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз