Жарнама
Қоғам

Теңізге шығар жолы жоқ елдер: Қазақстан – тұрақты серіктестікке үндейді

БҰҰ аясында өткен үшінші конференцияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің жаһандық күн тәртібінен тыс қалмауы тиіс екенін атап өтті.

Менің ойымша, бұл – Қазақстанның ұзақ мерзімді ұстанымы мен аймақтық көшбасшылыққа деген жауапкершілігінің айқын көрінісі.

Президент көтерген басты мәселелер: 500 млн-нан астам халқы бар 32 ел инфрақұрылым, қаржыландыру және нарыққа қолжетімділік жағынан теңсіздікке тап болуда. Геосаяси тұрақсыздық, санкциялар мен климаттың өзгеруі жағдайды күрделендіре түсуде.
Қазақстан Аваза іс-қимыл бағдарламасын қолдай отырып, жаңа қаржы тетіктері мен серіктестік құралдарын іске қосуды ұсынады.

Меніңше, Мемлекет басшысының бұл мәлімдемесі – дамушы мемлекеттерді тек көмекке мұқтаж ел ретінде емес, болашағы бар серіктес ретінде қарау қажеттігін көрсететін батыл үндеу.

Сондай-ақ Президент келер жылы Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесіп Өңірлік экологиялық саммит өткізуді ұсынды. Бұл – климат мәселесін ортақ күшпен шешудің нақты қадамы деп есептеймін.

Абдолла ИДРЕСОВ,
«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button