Жарнама
Қоғам

Таза аймақ — таза Қазақстан

Былтыр елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Игі бастама барлық өңірді қамтыды. Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында ойын кеңінен айтты.

– «Таза Қазақстан» дегеніміз көше тазалаудан әлдеқайда ауқымды ұғым. «Таза Қазақстан» акциясы қоғамға экологиялық мәдениеттің жаңа талаптарын енгізу идеясынан бастау алады. Халықтың бұл бастамаға барынша қолдау білдіргеніне тәнтімін. Әсіресе жастарға ризашылығымды білдіргім келеді. Қазақстан азаматтары мұның кезекті бір науқан емес, озық ойлы қоғам қалыптастыру жолындағы идеологиялық платформа екенін түсінді. Біз, түптің түбінде, табиғаттың байлығына және күнделікті тұрмыс-тіршілігімізге немқұрайлы қарайтын жағымсыз әдеттен біржола арылуымыз қажет. Тазалықты сақтау және табиғатты аялау ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Өркениетті елдердің бәрі осыны ұстанады, – деді Мемлекет басшысы.

Статистикаға сүйенсек, аталған акцияға барлығы 3,8 миллионға жуық адам қатысты. 1,5 миллион тоннадан астам қоқыс жиналып, 3,2 миллионнан астам көшет егілді. Мұнда атыраулықтардың өзіндік үлесін атап кеткеніміз жөн.

Сайып келгенде, осының өзі азаматтардың сана-сезімі жоғары, олардың Қазақстанды өзгертуге нақты іспен атсалысуға дайын екенін, жауапкершілікпен қатар халықтың тұрмыс сапасының жақсарып, тазалықты сақтау мәдениетінің жоғарылағанын көрсетті.

Қадыржан АРЫСТАН,

мемлекеттік қызметтің ардагері, «Ауыл» партиясының мүшесі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button