Жарнама
Қоғам

Тәуелсіз елдің тарихи жеңісі

Кешенді  дамуға  даңғыл  жол

 Қазақстан – ТМД шеңберінде, тіпті, әлемде десе де болады жаңа Елордасын салған тұңғыш мемлекет. Елбасының көрегендігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тағы да тұңғыш рет ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Ал, күні кеше ғана Орта Азия елдері арасында тарихта алғаш болып,  Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдарға уақытша мүшелігіне сайланып, мемлекетіміздің абыройы асқақтай түсті. Бұл – дәуір тынысындағы тарихи оқиға,  Астана күні мерекесі қарсаңында қазақстандықтарға жасалған үлкен сый. Осы бір батыл қадамның нәтижесінде  еліміздің саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер жасалады.

  Жалпы, мемлекеттіліктің барлық институттары құрылып, экономикамыз нарықтық жолға түсті. Ал, күллі әлемнің қауіпсіздігін қадағалайтын бұл кеңеске мүше болу әлемдік экономикадағы келеңсіз үдерістердің үдеуіне жол бермеуге ғана емес, сонымен бірге, таяу онжылдықта елімізді кешенді дамытуға жол ашады. Бұл – жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті ұстану жөніндегі жауапкершілікті көтеретін ұйым.

  Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіруі – еліміздің әлем алдындағы беделін биіктетіп,  абыройын арттырады.Бұл Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Қауіпсіздік Кеңесінде бүкіл адамзат қауымына байланысты өзекті мәселелер шешілетін болады. 

Ермекқали ЮСУПОВ,
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы
облыстық филиалының төрағасы,
Атырау облыстық мәслихатының депутаты.

Өнегелі  істің  өрісі

  Қазақстан тәуелсіз даму жолына түскелі  мемлекетіміз толық қалыптасып, әлемдік аренада өзінің орны бар елге айналды. Ядролық қарудан бас тарту, Азиядағы өзара ынтымақтастық  және сенім шаралары жөніндегі  Кеңесті шақыру, Әлемдік діндер лидерлерінің съездерін өткізу, Тәжікстандағы, Ауғанстандағы, Ирактағы антитеррорлық күреске және бітімгершілік миссияларына қатысуы және Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының  Саммитін лайықты өткізу – маңызды бастамаларымыздың, Қазақстанның тәуелсіздігінің тікелей нәтижесі. Ал, БҰҰ Жарғысы бойынша жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауға өкілеттенген ең маңызды саяси органның құрамына тарихта бірінші болып сайлануымыз Қазақстанның дүрдараздық пен қайшылығы мол әлемде ел мен елді бітістіруге, келісімге шақыруға, халықтарды жақындастыруға бағытталған саясатының кезекті бір мәрте мойындалуы. Қай мемлекет болмасын оның дамуында мұндай қадамдардың орны ерекше.

Мақсот КАРИН,
Қызылқоға аудандық
ардагерлер кеңесінің төрағасы. 

Белестер  биіктей  береді

  Бұл барша қазақ­стандықтар үшін қуа­нышты да тарихи оқи­ға болды. БҰҰ-дағы дауыс беруге қатыс­қан­­­дар­дың арасынан 138 мем­лекеттің Қазақ­­с­тан­ның кандидату­ра­сын қолдауы елі­міз­дің әлем­дік саяси арена­да­ғы салмағын арт­ты­ра түседі. Мұның өзі бей­біт­­  қатар өмір сүру саясатын ұстана отырып, тыныш­тық­тың тұғырын бекітетін баянды бастамалар жасап келе жатқан Ел­ба­сының салиқалы сая­сатының арқасы.

  Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіп­сіздік Кеңе­сінің құрамына тұрақ­ты емес мүше болуы – сөз жоқ тарихи жеңіс. Еліміздің, Елбасының жеңісі. Біздің еліміз – Орталық Азиядағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына сай­ланған тұңғыш мемлекет. Бұл жеңіске жету жолында Қазақ елі көп еңбектенді. Жағымды жаңалық­ты өңірдегі түрлі ұлттар мен ұлыс өкіл­дері де қуана қабылдады.

  «Еліміз осынау зор сенімнің үде­сінен шығып, Қазақстанның әлем­дік аренадағы абыройы асқақ­тай түсеріне кәміл сенемін!»  дейді біздің Президентіміз. Кім Қазақстанды өз Отаным деп сүйетін болса, сол үшін бұл үлкен мәртебе деп есептеймін.

Айкүміс ҚЫДЫРБАЕВА,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры,

филология ғылымдарының кандидаты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button