Жарнама
Қоғам

ТАТУЛЫҚТЫҢ ТАПТЫРМАС ҮЛГІСІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына қойған негізгі мақсат – елдің бірлігін нығайтып, түрлі этнос өкілдерін бір шаңырақ астына топтастырып, еліміздегі этносаралық қатынастар саласын реттеп отыратын жүйені қалыптастыру.

Бүгінде барша қазақстандықтың басын қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясы ел бірлігін нығайту жолында игі бастамаларға жол ашып, татулықтың таптырмас үлгісін көрсетіп отыр. Біздің өңірімізде де осы қағиданы негізге алған барша ұлт өкілі тұрақтылық пен келісімді паш етіп, этносаралық қарым-қатынасты арттыруға барынша атсалысып келеді. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыратын негізгі идея мемлекеттілігімізді нығайту мен халық бірлігін қамтамасыз ету болып табылады.

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы да өз жұмысын Ассамблеяның ХХІІ сессиясы мен биылғы Жолдауда белгіленген міндеттермен тығыз байланыстыра отырып жүзеге асырады деп сенемін.

Гүлсина БАЙКЕНОВА,

Атырау облысындағы «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестік төрағасы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button