ТАТУЛЫҚ – ТАБЫС КІЛТІ
Біз, Қазақстан халқы, татулығымызды сақтай отырып табыстарға жеттік. Қазақ елінің қол жеткізген жетістіктері салиқалы саясаттың жемісі. Бұл жайында «дөңгелек үстелде» Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Еркін Қадырғалиев та айтып өтті. «Осыдан 20 жыл бұрын құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы этникалық, әлеуметтік және діни ерекшеліктеріне қарамастан мемлекет азаматтарының бірлігін қалыптастыру жолында шешуші роль атқарды» деп келтіреді. Сондай-ақ, ол бейбітшілікті ең алдымен адам өз отбасынан, өз қызмет орнынан бастау керектігін сөз еткен. Мен де бұл ойға толықтай қосыламын. Біз құрылғанына 20 жыл толып отырған Ассамблеяның жұмысын одан әрі жандандыра түсетін болсақ, бүгінгіден де биік мақсаттарға, табыстарға жетеміз. Сондықтан, мен еліміздегі әр ұлт өкілі ұлтқа, ұлысқа бөлінбей, әрдайым бүгінгідей тату-тәтті болса деймін.
Настя ГАУН,
«Видергебурт» неміс этномәдени
бірлестігінің мүшесі.