Жарнама
Қоғам

ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ ҰЙЫТҚЫСЫ

 

Бүгінде Мемлекет басшысының көрегендік саясаты арқасында жікшілдік болмас үшін баршаны бір шаңырақ астына жиып, бәрінің құқын бірдей етіп, ешкімді алаламай, шеттетпей келеміз. Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде барлық халықты біріктіру мәдениетіне жұмыс істеп келеді.

Ең дамыған отыз елді басып озу үшін қанша тер төгілу керек, осыны халық терең түйсіну қажет, әсіресе жастар. Өйткені, Елбасы Жолдауы да Ұлт жоспары да жастарға арналды. Мына алмағайып заманда бақ болып басқа қонған құндылығымызды уысымыздан шығарып алатын болсақ, ол ешқашан оралмайды. Сондықтан да ұлттық идеяға берік болуымыз керек.

Ұлттық идея — «Қазақстан-2050» Стратегиясы, Мәңгілік ел болу идеясы. Мемлекет басшысы үшін ең бастысы – адам, оның жан-дүниесі Осы тарапта мен дүниетанымдық міндеттерге қатысты проблемаларды алдыңғы қатарға қояр едім. Менің ойымша, Мәңгілік ел – бұл біздің елімізде тұратын барлық этностар мәдениетінің тең әрі өзара дамуының ізгі идеясы. Бұл біздің ұлттық идеямыз болуға тиісті жұмылдырушы философия.

Мәңгілік ел ұлттық идеясы тәуелсіздіктің барлық жетістіктерінің сабақтастығы мен қазақстандықтардың болашаққа ұмтылысын бекітетін тұғырнама қызметін атқаратын болады. Еліміз өзге мемлекеттер үшін татулық пен келісімнің мызғымас үлгісіне айналды.  Бүгінгі таңдағы тәуелсіз, егемен Қазақстан, бұл — біздің Мәңгілік ел құру жолындағы ортақ жетістігіміз. Ал, отанымыздың жетістіктері әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы.

Мәңгілік ел және баршаға ортақ еңбек қоғамы идеяларын одан әрі ілгерілету азаматтық біртектілікті күшейтеді және болашағы біртұтас ұлттың бойындағы жасампаздық әлеуетті түбегейлі ашуға мүмкіндік береді. Мәңгілік ел – қоғамдағы бірлік пен келісімнің өзгеше моделі, ол жаһандық ауқымда танылған табысты қазақстандық тәжірибенің мәртебесіне ие.

Мақсот КАРИН,

Қызылқоға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button