Жарнама
Қоғам

ТАТУЛЫҚ ПЕН ІЗГІЛІК БАСТАУЫ

 

Ораза айттың тағы бір ерекшелігі, ол шүкіршіліктің, сабырлылықтың мерекесі. Адамдарды бір-бірімен жақындастыра түсетін, оларды бір дастархан басында қосып, бауыр ететін Ораза айт – ескі өкпе-реніштерді ұмыттырып, меймандостыққа бастайтын ерекше күн. 

Айт күнінің өзіне тән жарасымды да, сауапты амалдары мол. Айт күні оқылған намаз да, жасалған дұға да ерекше. Бұл күні ғұсыл құйынып, айт намазына қатысу – сүннет. Осы жерде Жәбирдің «Айт күні Пайғамбар (с.ғ.с.) әдетте айт намазынан оған барған жолдан өзге жолмен қайтатын» деген сөзіне оқырман назарын аударғым келеді. Ғалымдардың пікірінше, Пайғамбардың (с.ғ.с.) айт намазынан өзге жолмен қайтуының астарында оның көп адамдарды құттықтауды қалағаны немесе екіжүзділерге исламның күші мен ұлылығын көрсетуді қалағаны жатуы мүмкін.

Бұл мерекеде әрбір мұсылманның шаңырағында түрлі тағамдар пісіріліп, әр үйде әдеттегіден сәнді дастархан жайылып, қонақ шақырылуы, адамдардың бір-бірінің үйінен дәм-тұз татып, бірін-бірі құттықтап, игі тілектер арнауға асығуы – Пайғамбардың (с.ғ.с.) дәстүрге айналып кеткен сүннеті. Ағайын арасындағы үзілген байланыстарды жалғау, туыстық, бауырластық қатынастарды нығайту – бұл мейрамның негізгі ерекшелігі, мәні, маңызы.

Бүгінгідей алмағайып заманда татуластық, бірлік, тұтастық мәселелерінің өткір тұрғанын ескерсек, Ораза айт мерекесін қоғамдық тұрақтылықты сақтаушы тетік ретінде қабылдауымыз қажет. Өкінішке орай, мүдделі топтардың қолымен жасалып, дін атын жамылған ұйымдар көптеген қаракөздерімізді тура жолдан тайдырып, жалған идеологияға кіріптар етіп қойды. Кейбіреулерінің отбасымен бірге шет ел асып, Отанымызды, ұлттық құндылықтарды тәрк ету жағдайына дейін жетіп жатқаны да жасырын емес. Осындайда татулық пен ізгілік, тазалық пен жақсылықтың бастауы болған исламның шынайы құндылықтарын ел арасында кеңінен дәріптеуге, діни ілімді сала мамандарынан үйренуге шақырамын.

Сан ғасырлық тарихты бастан өткерген ата-бабаларымыз «біз қарға тамырлы қазақпыз» деген өсиетті тегіннен айтып қалдырмаған. Бұл барша қазақтың бауыр, туыс, қандас екенін білдіреді. Демек, бұл біздің діни сенім мәселесінде ғана емес, өмірлік, қоғамдық қатынастарда да бір-бірімізден ажырай алмайтынымызды көрсетеді.

Бірлігіміз бекем болса, тәуелсіздігіміз де тұғырлы болмақ. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барша мұсылман қауымды Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Алла Тағаладан барша-ңызға қуаныш, отбасыларыңызға береке-бірлік, сүйікті Отанымызға гүлдену мен өркендеу, дінімізге қуат, елімізге тыныштық пен береке тілеймін! Бірлігімізден ажырамайық ағайын!

Еркінбек ШОХАЕВ,

Атырау облыстық Дін істері басқармасының басшысы.

 

Күллі мұсылман қауымы отыз күн оразадан кейін шәууәл айының бірінші күнінде Ораза айт мерекесін тойлайды. Айлардың төресі, барша мұсылман баласы үшін қасиетті  Рамазан айы – қайырымдылық, құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік айы болса, Ораза айт осы айдың шүкіршілігі ретінде өткізілетін, екі ұлық мерекенің бірі.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) алғашқы оқыған айт намазы –  һижраның екінші жылындағы Ораза айт намазы. Мәдинаға қоныс аударып келген кезде, сондағы бір ансар-сахаба Исламнан бұрын тойланатын екі күннің болғаны туралы Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айтқанда, ол екі күнді не үшін атап өтетіндіктерін сұрады. Олар «Ислам келгенге дейінгі дәуірде біз бұл екі күнді көңіл көтеріп атап өтетін едік»  деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оларға: «Алла ол екі күннің орнына сендер үшін әлдеқайда қайырлысын берді. Біріншісі – Құрбан айт, екіншісі – Ораза айт». Осылайша Алла елшісі (с.ғ.с.) мәдиналықтардың мейрамдарын екі ұлық мерекемен ауыстырған болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button