Жарнама
Қоғам

ТАТАМИДЕ ТОП ЖАРҒАНДАР

Атырау қаласындағы №4 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің палуандары командалық есеп бойынша жүлделі І орынды қанжығаға байлады. Оның ішінде 73 кг салмақта Наурызбек Майлашев, 81 кг салмақта Сұңғат Закараев, 100 кг салмақтан аса Кенжебек Күзембаев және ең жоғары салмақ бойынша Бекболат Салықов алтын медальға ие болды. Сондай-ақ, үш күміс және бір қола иегері де бар.
Маңғыстау облысынан оралған жеңімпаздарды Атырау темір жол вокзалынан облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшылығы мен аталған спорт мектебінің шеберлері салтанатты түрде қарсылап алды.
«Аталмыш турнирге Атырау облысынан 25 спортшы қатысты. Оның ішінде спортшыларымыз 4 алтын, 3 күміс және 1 қола медальға ие болып қайтқаны — үлкен мәртебе. Айта кету керек, бұл спортшыларды шыңдаған бас жаттықтырушы Азамат Сағындықовтың еңбегінің жемісі. Алдағы уақытта да спортшыларымызға сәттілік тілейміз» деді облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Нұржан Ермұханов.
Ал, жеңіс жалауын жоғары көтерген палуандар алда бұдан да биік жетістікке қол жеткізеріне сенімді. «Бұл менің халықаралық турнирге алғаш қатысуым. Мұнда мен 73 кг салмақта Қырғызстан, Тәжікстан Республикалары мен Маңғыстау, Шымкент, Алматы облысының палуандарымен сынға түстім. Дайындығым мықты болғандықтан татамиде еш қиындық болмады» деген Наурызбек Майлашев қараша айында өтетін Қазақстан чемпионаты және келер жылы Әлем чемпионаттарында да Атыраудың намысын қорғайтынын жеткізді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button